Сабақтың өтілу технологиясы
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп (МДШО және МЖИ КММ)
Бастауыш сынып мұғалімі: Калиева Жазира Касеновна
Сабақтың тақырыбы
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. Қайталау.
Сабақтың мақсаты
-
1
«Қарлы кесек» оқыта-үйрету ойыны арқылы үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау және меңгерту.
-
2
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
-
3
Шапшаңдыққа бағытталған топтық есеп шығарту арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық: «Мен жүрегімнен қуаныш алып, сендерге сыйлаймын».
2) Мақсат пен жоспарды таныстыру
Сабақтың мақсаты мен өту кезеңдері түсіндіріледі.
3) «Қарлы кесек» ойыны
Топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды орындау, талқылау және үздік сөйлeушіні анықтау.
4–5) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы беріледі. Оқушылардың білімі ортақ бағалау парағы бойынша бағаланады.
Сабақтың өтілу технологиясы
Оқыту технологиясы: модульдік оқыту технологиясы.
Модульдің мақсаты
- Есеп шығару барысында анықтамаларды, ережелерді және формулаларды тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру.
- Оқушыларға үш таңбалы санға бөлу алгоритмі туралы түсінік қалыптастыру.
- Ойлау қабілетін арттыру.
«Қарлы кесек» ойынының шарты
Оқушыларға бағыттаушы парақ және кеудесіне тағатын жетон беріледі. Жетонда әріп болады (А, Б, В, Г, Д). Сол әріпке сәйкес оқушылар өз үстеліне жайғасады.
Мұғалім ортақ мәселе көтереді: проблемалық сұрақ қояды немесе тапсырма береді (бәріне ортақ не әр топқа жеке). Әр топта 5 оқушы.
Дайындық кезеңі
Оқушылар 5–7–15 минут шамасында оқулық пен қосымша әдебиетті пайдаланып жауап іздейді, оны тезистер түрінде жазып алады.
I тур
Дайындық уақыты аяқталған соң, оқушылар бағыттаушы парақ бойынша орын ауыстырады. Мұғалім тур уақытын үстел басындағы барлық оқушы сөйлеп үлгеретіндей етіп белгілейді (10–15 минут). Уақытты топ ішіндегі жүргізуші қадағалайды.
Сөйлеу реті: алдымен «А» жетонды ойыншы, кейін кезекпен «Б», «В», «Г», «Д».
Тыңдап болған соң әр оқушы ең қызықты, мазмұнды, ақпараттық деңгейі жоғары және дәлелді деп санаған сөйлеушінің нөмірін «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазады.
II тур және қорытынды
I турдан кейін оқушылар бағыттаушы параққа сай қайта орын ауыстырып, II турды бастайды. Барлық турлар (3–4–5) аяқталған соң оқушылар бастапқы орындарына оралады.
Мұғалім бағыттаушы парақтарды жинап, нәтижені ортақ параққа түсіреді. Сол парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы топ анықталады.
Ойын тапсырмалары
А тобы — Оқулықпен жұмыс (3-тапсырма)
Қалдықпен бөлуді орында:
- 140 256 : 394 = 355 (қ 386)
- 307 749 : 453 = 679 (қ 162)
- 175 462 : 547 = 320 (қ 422)
- 678 345 : 763 = 889 (қ 38)
Б тобы — 4-тапсырма
- Бір кітаптың массасы 500 г болса, 60 кг қағаздан осындай неше кітап жасалады?
- 1 кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер жасалса, 5 кг қағаз қалдықтарынан осындай неше дәптер жасауға болады?
В тобы — 5-тапсырма
1 ц қағаз қалдықтарынан 2000 дәптер шығады.
- 1 дәптер жасау үшін қанша қағаз қажет?
- 300 кг қағаздан осындай неше дәптер дайындалады?
- Ал 350 г қағаздан ше?
Г тобы — 6–7-тапсырмалар
- 2 м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады. 46 м матадан неше бала көйлегін тігуге болады?
- Бірдей 6 ыдыста 48 кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май сыяды?
Д тобы — Логикалық тапсырма
Құстарға арнап қорапша жасау үшін ені 20 см, ұзындығы 30 см тік төртбұрыш пішінді тақта керек. Ауданы 640 см², ені 20 см тақтай сондай қорапша жасауға жарай ма?
Қорытынды
Оқушылардың білімі мен белсенділігі ортақ бағалау парағы көрсеткіштеріне сүйене отырып бағаланады.
Үй тапсырмасы сабақ соңында нақтыланып беріледі.