Жәкірді көтер
1-сынып математика: өткенді қайталау
Тақырыбы
Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты
Өткен материалды пысықтауға арналған жаттығулар орындау.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың міндеттері
- Мысалдарды жылдам есептеуді және кері есептер шығаруды түсіндіру.
- Есеп шығару дағдыларын дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ұйымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Құралдар мен тәсілдер
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайдтар
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, талдау
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін математика сабағына қонақтар келіп отыр. Олар — Астана қаласының тәжірибелі ұстаздары мен мектеп басшылары. Қане, бәріміз қонақтарға бұрылып, сәлем берейік!
Енді бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.
2) Тақырып пен мақсатқа кіріспе
Бүгінгі тақырып: «Өткенді қайталау».
Шақыру-өлең
Не оқыдық, не білдік?
Өткен әрбір сабақты ойымызға алайық,
Білімді ортаға салайық!
3) «Теңізшілер» ойыны: саяхатқа дайындық
Отан қорғаушылар күніне арналған байқауға дайындалғанда тобымызды қалай атадық?
Топтың атауы: Теңізшілер
Ұран: «Бәріміз — біріміз үшін, біріміз — бәрі үшін!»
Бүгін біз теңізге саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында теңізшілер өмірінің қызығы мен қиындығын елестете отырып, өткен тақырыптарды қайталап, білімімізді пысықтаймыз және жаңа сөздермен танысамыз.
Саяхат қызықты әрі пайдалы болуы үшін белсенді қатысып, білімдеріңді көрсетіңдер. Кім шапшаң, алғыр, тапқыр және тәртіпті болса, сол оқушыға «жәкір» беріліп отырады. Саяхат соңында жиналған жәкір санына қарай бағаланады.
Саяхатқа дайынсыңдар ма? Жел оңынан болсын!
Борт журналы: дәптермен жұмыс
Көркем жазу: 7 саны
Бүгін дәптеріміз — борт журналы. Онда жазу әдемі әрі ұқыпты болуы керек. Алғашқы жазбамыз ретінде күнін және жұмыстың түрін белгілейміз.
Жұмбақ-өлең
Жеті бірдей өренбіз,
Жеті бірдей шумақпыз.
Жеті түрлі бояумыз,
Жеті түрлі әуенбіз.
Мейлі, бізді мақтама,
Бірақ бекер даттама.
Неліктен 7 санын жазамыз? Қазақ дәстүрінде 7 — киелі сан. Үлкендер қауіптенсе немесе жаман түс көрсе, жеті шелпек пісіріп таратады. Таратқанда «Қабыл болсын!» деп, алушы «Әумин» деп жауап береді. Кейін әруақтарға арнап аят оқылып, бата жасалады. Бұл — 7 санының қадір-қасиетін білдіретін наным-ғұрыптардың бірі.
Тапсырма: 7 санын жолға түсіріп, бірнеше рет көркем жазу.
Ауызша есептеу: экипажды жинау
Теңізге шығу үшін «теңізшілер тобын» жинайық. Теңізшілер тобы экипаж деп аталады. Оқушыларға 1–10 дейінгі сандар таратылады.
Бұйрықтар
- Сандарды өсу ретімен қатарға тұрғыз.
- Сандарды кему ретімен қатарға тұрғыз.
Оқулық: 141-бет, №5
Кемені іске қосу: бояу арқылы есептеу
Кеме дайын болсын
Саяхатқа мына кемемен шығамыз. Кемені «түстер коды» арқылы бояймыз: әр мысалдың жауабы белгілі бір түске сәйкес келеді.
Түс коды
- 9
- Сары
- 7
- Қызыл
- 5
- Қоңыр
- 3
- Көгілдір
Мысалдар
- 6 − 3
- 8 + 2
- 10 − 5
- 8 − 8
- 7 + 2
- 9 − 5
- 4 + 3
- 2 + 4
- 5 + 0
- 10 − 3
Оқушылар есептеп, тақтадағы кеме суретін сәйкес түспен бояйды.
Кеме дайын! Жәкірді көтер!
Кемеміз ашық мұхитқа шықты. Жер шарында неше мұхит бар? Қайсысын атай аласыңдар?
Құпия хабар: шөлмектегі карта
Картаны оқу үшін өрнектерді толықтыр
Дәптермен жұмыс. Кенеттен теңіз бетінде бір шөлмек көрінді. Ішінде карта бар екен, бірақ қағазы сарғайып, су тиіп, кейбір таңбалары өшіп қалған.
Картаны оқу үшін жоғалған сандарды тауып, өрнектерді толықтырайық. Борт журналына өрнектерді әдемілеп көшіріп жазыңдар.
Тапсырма 1
8 + * = 9
Тапсырма 2
6 − * = 3
Тапсырма 3
* − 5 = 2
Тапсырма 4
10 − * = 4
Тапсырма 5
* + 3 = 7
Тапсырма 6
2 + * = 8
Ескерту
Өрнектерді толықтырғанда теңдік белгісінің екі жағы әрқашан тең болатынын ұмытпаңдар.