Құтты болсын, Жаңа жыл

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты

  • Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
  • Шыршаның әсем әрі сәнді безендірілуіне назар аударту.
  • Аяз Ата, Ақшақар, Буратино және өзге кейіпкерлердің карнавалдық киімдерін таныстыру.
  • Көңілді ойындар ойнатып, достық қарым-қатынасты нығайту.
  • Бірлескен ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар

Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Тауық, Буратино, Мальвина, Түлкі, Мысық, балалар және ата-аналар.

Кешке Тауық пен балапанымен бірге ортаға шығып, мерекелік көрініс басталады.

Сценарийдің барысы

Жүргізушінің құттықтауы

Армысыздар, құрметті қонақтар мен бақытты балдырғандар! Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан ертегілер еліндегі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді «Балапан – бөбекжай» балабақшасының білікті басшысы Ерішова Айгүл Қайыржанқызына береміз.

Ертегілер еліне саяхат

Осындай ғажап тілектен кейін біз ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

Буратиноның келуі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыңдар ма, құрметті қонақтар! Жаңа жыл мерекесі бізді қиял-ғажайып әлеміне еріксіз жетелейді.

Мен және достарым ертегілер елінен арнайы келіп, сіздермен бірге мерекені тойламақпыз. Ендеше, менің досым — әдемі бикеш Мальвинаны қарсы алыңыздар!

Буратино: «Алтын кілтімді шыршаның жанына тығып қояйын. Мұқият болыңдар: осы кілтпен сыйлыққа толы сандықты ашамыз!»

Мальвинаның өлеңі

Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға.

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық!

Мальвина балалардан: «Жаңа жылда ортамызда кім жетіспейді?» — деп сұрайды. Балалар: «Аяз Ата, Ақшақар!»

Шиеленіс: Алтын кілттің ұрлануы

Барлығы Аяз Ата мен Ақшақарды шақырған сәтте, құлаққа жағымсыз әуенмен ортаға Түлкі мен Мысық кіріп келіп, Алтын кілтті ұрлап кетеді.

Буратино кілтін іздеп әлек болады, бірақ таба алмайды. Мальвина балалардан кім алғанын сұрағанда, балалар бірден: «Түлкі мен Мысық алды!» — деп айқайлайды.

Мальвина ұрыларды ұстап, Буратиноға алып келеді.

Түлкі

Буратино, балалар, бізді кешіріңдер. Біз қателік жасадық.

Мысық

Алтын кілтпен сандықты ашып, сыйлыққа кенелгіміз келді. Кешіріңдер!

Буратино балалардан: «Кешіреміз бе?» — деп сұрайды. Балалар: «Иә!» — деп жауап береді.

Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алу

Жүргізуші: «Балалар, біз асыға күткен Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз да жетіп қалыпты. Қане, бәріміз көңілді түрде қарсы алайық!»

Балалар хормен: «Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!» — деп шақырады.

Аяз Ата

Амансыңдар ма, балғындар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін!

Ақшақар

Қардан шыққан Ақшақармын,

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе, балалар, амансыз ба, қонақтар!

Бүгін міне ортаға келіп қалды Жаңа жыл.

Жаңа жылда алдағы көңіл өсіп, кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы — жақсы достар көбейсін.

Жүргізуші Аяз Ата мен Ақшақарды сахна төріне шақырып, балалардың өнерін тамашалауға өтінеді.

Өнер бөлімі: ән, би, тақпақ

Ән

Балалар ортаға шығып «Аяз Ата» әнін орындайды.

Би

«Көңілді Жаңа жыл» биі орындалады.

Қатысушылар: Әлинұр, Ақжүрек, Мұқағали, Інжу, Айназ, Әдемі, Нұрдана, Нұрғали.

Тақпақтар

Жүргізуші балаларды жаңа жылдық тақпақтарын айтуға шақырады.

Орындайтындар: Әлинұр, Ақмаржан, Айназ, Мұқағали, Бағдаулет, Нұрғали.

Аппақ тонға оранып,
Базарлығы мол болып,
Келді алыс сапардан —
Аяз Ата оралып.

Әлинұр

Жапалақтап ақша қар
Күнде жауа береді.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.

Ақмаржан

Құтты болсын, Жаңа жыл!