Windows операциялық жүйесі
Топтамадағы сабақтар тізімі
- 1 Қазіргі заманғы дербес компьютер және оның құрамдас бөліктерінің түрлері
- 2 Қорытынды сабақ: «Информатика еліне саяхат»
- 3 Windows операциялық жүйесі: жұмыс істеудің бастамасы
Сабақ тақырыбы
Windows операциялық жүйесі. Жұмыс істеудің бастамасы
Негізгі ұғымдар: Windows объектілері, басқару элементтері, жұмыс үстелі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелімен, объектілермен және басқару элементтерімен таныстыру.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауды және компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ізгілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
II
«Бетпе-бет» (үй тапсырмасы)
Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды қайталайды.
-
III
«Мағынаны ажырату» (жаңа сабақ)
Windows операциялық жүйесі, оның объектілері және басқару тәсілдері туралы түсіндіру.
-
IV
«Миға шабуыл» (бекіту)
Электрондық оқулық арқылы тапсырмалар орындау, сұрақ-жауаппен қорытындылау.
-
V
«ББҰ» кестесі (қорытындылау)
Білдім — Білгім келеді — Үйрендім форматы бойынша негізгі ойларды жинақтау.
-
VI
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушылардың жұмысына кері байланыс беру, бағалау, келесі сабаққа тапсырма белгілеу.
«Бетпе-бет» ойынына арналған сұрақтар
-
1) Компьютер жады қандай түрлерге бөлінеді?
-
2) Ішкі жады неден тұрады?
-
3) Сыртқы жадының қандай құрылғылары бар?
-
4) Оптикалық дискінің қандай түрлерін білесіңдер?
-
5) Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?
-
6) Драйверлердің рөлі неде?
-
7) Операциялық жүйе дегеніміз не?
-
8) Интерфейс дегеніміз не?
-
9) Қолданбалы программалар қалай жіктеледі?
-
10) Программалау жүйесі не үшін қажет?
Негізгі түсініктер
Операциялық жүйе
Операциялық жүйе — компьютердің ең маңызды құрамдас бөлігі. Ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға және қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалар жиынтығы.
Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Windows XP ортасы және объектілер
Windows XP — объектілері көбіне терезелер мен таңбашалар түрінде бейнеленетін операциялық жүйе.
Windows объектілерін басқару әртүрлі құрылғылар арқылы жүзеге асады. Ең негізгі басқару құралы — тышқан.
Жұмыс істеуді бастау
-
1
Жүйелік блоктың алдыңғы бетінде орналасқан Power батырмасын басып, компьютерді іске қосыңдар.