Мамытбек Қалдыбаев жазған Еліктің лағы

Әдебиеттік оқу • 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы» (әңгіме)

Автор: М. Қалдыбаев

Оқу мақсаттары

  • 2.1.1.1 — шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • 2.2.2.1 — мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, жауабын шығармадан таба білу.
  • 2.3.4.1 — мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателерді табу және түзету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Тақырыпты меңгереді.
  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар

  • Тақырып мазмұнын әңгімелеп бере алады.
  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс істейді.

Кейбір оқушылар

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер келтіріп, дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік және құндылықтық бағдар

Тілдік мақсат: жануарлар әлемі тақырыбы бойынша сөздік қорды дамыту.

«Мәңгілік Ел» құндылықтары: «Біздің Отанымыз бар — ол Тәуелсіз Қазақстан».

Ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау.

Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдер және ресурстар

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақ тілі.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Автордың портреті
  • Үлестірме парақшалар
  • АКТ
  • Смайликтер

Алдыңғы білім

Оқушылар жануарларды өз ойларымен сипаттап, суреттей алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері (өлең)

Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған.

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік.

Ұйымдастыру

  • Топтарға бөлу.
  • Бағалау парақшаларымен таныстыру.

Білу және түсіну: ой шақыру

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы талқылауды бастайды.

Сұрақтар

  • Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Орманда мекендейтін қандай жануарларды атай аласыңдар?
  • Суретке қарап, нені көріп тұрсыңдар?
  • Бұл — лақ. Ол ненің лағы?
  • Еліктің лағы қайда мекендейді?

Қызығушылық ояту: «Кім жылдам?»

Оқушылар жаңылтпашты 1 минут ішінде жаттап, жарыса айтады.

Мақсаты: дикцияны дамыту, назар мен шапшаңдықты арттыру.

Сабақтың ортасы: бейнематериал және оқылым

Бейнеролик

Еліктің лағы туралы (немесе еліктер туралы) қысқа видео көрсету.

Оқылым

Бүгінгі тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған «Еліктің лағы».

Автор туралы

М. Қалдыбаев — қазақтың көрнекті жазушысы, балаларға арналған көптеген шығармалардың авторы. Танымал шығармаларының қатарында «Үлек», «Уәде» және т.б. бар.

Мәтінді оқу

  • Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

Сөздік жұмыс

Шоқы
— тік, биік төбе.
Нысана
— көздеп ататын жер.
Қарауыл
— күзет.

Қолдану: мәтінмен жұмыс («Кім мықты?»)

Әр топ қарсы топқа сұрақ қояды. Жауапты мәтіннен тауып, дәлелдеп оқиды.

1-топ

Мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсын тауып, мәнерлеп оқыңдар.

2-топ

Мәтінге сүйеніп, аңшының көңіл күйін сипаттаңдар.

3-топ

Аңшы елікті неліктен атпады? Дәлелдер келтіріңдер.

Мектеп және мұғалім туралы мәлімет

Өңір: ОҚО, Шымкент қаласы

Мектеп: А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп

Мұғалім: Әжен Эльмира

Тақырып: «Сүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы» (М. Қалдыбаев)