Физиканың бірінші атасы

Физика патшалығында

Сабақтың түрі

Сыныптан тыс сайыс сабақ.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін пысықтау және жүйелеу.
  • Ойларын ашық айтуға мүмкіндік бере отырып, физикаға қызығушылығын арттыру.
  • Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Уа, халайық, халайық, бәріне жар салайық! Бүгінгі күн мектепте, білімділер елінде.

Шабыт тасып, шалқысын. Есеппен ән салысып, көңілді кеш жасайық.

Біліммен сайысады сайыскерлер — алға озар ең мықты осы жолда. Көпшілік өнерлерін қызықтамақ: сұрайық шығуларын жұрт алдына.

Сайысымыз ашық деп жарияланады.

Әділқазы алқасын сайлау

Шын жүйрік шабысынан танылады, нақты білім мен терең ой сыналады.

Сайыс басталмас бұрын әділқазы алқасы сайланады.

Дәстүрлі сайыстың шарттарын сайыскерлер толық білуі керек.

Сайыс кезеңдері

1-кезең Сұрақ-жауап

Бәйге

Жылдам сұрақтарға жауап беру арқылы білімді саралау.

2-кезең Есеп шығару

Жүйрік болсаң, озып көр!

Есепті дұрыс әрі тез шығару талап етіледі.

3-кезең Таңдау ойыны

Ғажайып үштік

Ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинау.

4-кезең Жедел жауап

Жорға

1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа дұрыс жауап беру.

1-кезең: Бәйге

Бұл бөлімде сайыскерлерге сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

І топ сұрақтары

  • «Физика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  • Физиканың бірінші атасы кім?
  • Уақытты өлшейтін құрал қалай аталады?
  • Жолдың формуласы қандай?
  • Сұйықтар мен газдардың қысымын өлшейтін құрал қалай аталады?

ІІ топ сұрақтары

  • Физиканың екінші атасы кім?
  • Әлемнің төрт кереметі қандай?
  • Қысымның формуласы қандай?
  • Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?
  • Диффузия дегеніміз не?

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, сайыскерге әділ баға беріңіз. Жүзден жүйрік арасынан шығады — «Бәйге» бөлімін бірге тамашалайық.

2-кезең: Жүйрік болсаң, озып көр!

Бұл кезеңде сайыскерлерге есеп беріледі. Есепті дұрыс әрі жылдам шығару қажет. Дұрыс шығарылған әр есеп 20 ұпаймен бағаланады.

Ынталандыру сөзі

Білім деген — биік шың, бақытқа сені жеткізер.

Білім деген — ақылшың, қиындықтан өткізер.

3-кезең: Ғажайып үштік

Бұл бөлімде оқушылар ұяшық таңдайды: қай ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, сол ұяшықта көрсетілген ұпайды иеленеді.

Ұпайлар торы

20
20
20
30
30
30
40
40
40

Барынша жауап беріп, сайыскерлер өз білімдерін көрсетеді. Кезең қорытындысын әділқазы алқасы шығарады.

4-кезең: Жорға

Бұл — сайыстың ең қарқынды кезеңі. Сайыскерлер сұрақтарға 1 минут ішінде дұрыс әрі шапшаң жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайға тең.

Жүргізушінің түйін сөзі

Қиындық пәннің биіктігін танытады, ал біліктілік — оқушының деңгейін көрсетеді.

Физика саласын қалағандар, шыңына жету үшін әрдайым талпынып, жеңіске ұмтылады.

Қорытынды

Тәрбиелік ой

2030 — біздің бағдарымыз. Болашаққа бастайтын әр ісіміз біліммен нығаяды.

Егемен елімізді көркейтетін — білімді ұрпақ. Білімді болу — ортақ мақсатымыз.

Марапаттау

Сайыс соңында жеңіске жеткен топқа мақтау қағазы табысталады.