Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Пәні: Қазақ тілі · Сыныбы: 5-сынып

Сабақ тақырыбы

Білімді бекіту сабағы: көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антоним тақырыптарын қайталау.

Сабақ мақсаты

1) Білімділік

Омоним, синоним, антоним туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысал келтіру.

2) Дамытушылық

Өзіндік жұмыстар арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдысын дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Мақал-мәтелдерді орынды қолдануға, олардың тәрбиелік мазмұнын түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Қайталау (бекіту) сабағы

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру, СТО, сұрақ-жауап, баяндау, талдау.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайд суреттер, кесте, Венн диаграммасы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
  • «Тәтті тілек» әдісі: оқушылар конфетке жазылған тілектермен алмасады. Соңында қолдарында қалған конфет түрлеріне қарай екі топқа бөлініп, орындарына орналасып, топ атауын құрастырады.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» әдісі: әр топтан бір оқушы шығып, қарсы топтың сұрақтарына жауап береді.

Бағалау

«Шапалақ» әдісі

Сұрақтар

  1. 1. Сөз деген не?
  2. 2. Сөз мағынасы деген не?
  3. 3. Сөздің қандай мағыналары болады?
  4. 4. Сөздің тура мағынасы деген не?
  5. 5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
  6. 6. Көп мағыналы сөздер дегеніміз қандай сөздер?

Үлгі жауаптар

  • Белгілі бір ұғымға берілген атау.
  • Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
  • Тура және ауыспалы мағыналары.
  • Негізгі, бастапқы мағынасы.
  • Келтірінді (ауыспалы) мағынасы.
  • Бір сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.

III. Постер құрастыру

«Омоним» және «Көп мағыналы сөз» тақырыптарына постер құрастырып, қорғау. Әр топ сұрақтарды талқылап, ортақ шешімге келіп, ойларын постерге түсіреді; баяндамашы ортаға шығып таныстырады.

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

IV. Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар жеке, жұптық және топтық түрде орындалып, дауыстап оқылады.

Бағалау

«Сэндвич» (мадақ–сын–мадақ)

I топ

84-жаттығу: берілген етістіктерді қатыстырып, күз табиғатын суреттеңдер.

II топ

100-жаттығу: төменде берілген сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін құраңдар.

V. Сергіту сәті

«Шапалақ» арқылы сергіту.

VI. 65-жаттығу

  • Мысалдарды рөлге бөліп оқыңдар.
  • Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.

VII. Интерактивті тақтамен жұмыс

Тақтаға жаз: 65-жаттығу. қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрап жазыңдар.

Үлгі тіркестер

  • Қол: адамның қолы; қалың қол.
  • Сабақ: ашық сабақ; өсімдіктің сабағы.
  • Сіңір: аяқтың сіңірі; суды сіңіріп алды.
  • Қой: қоңыр қой; дәптерді орнына қой.

Қосымша тапсырма

Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.

Үлгі: «құлағына сіңіріп қоятын»(ұғындырып қоятын).

VIII. Венн диаграммасы

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

Ұқсастығы

  • Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы.

Көп мағыналы сөз

  • Мағыналар бір негізден тарайды.
  • Көбіне бір сөз табына қатысты болады.
  • Сөз байлығын арттырып, тілдің икемділігін көрсетеді.

Омоним

  • Біркелкі дыбысталады, бірақ мағыналары бөлек болады.
  • Мағыналары бір түбірден тарамауы мүмкін.

IX. Бекіту

Жинақтау және қорытындылау жұмысы жүргізіледі.

X. Бағалау және кері байланыс

Өзара бағалау

Әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды. Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша алған оң және кері әсерлерін жазады.

«Бес саусақ» әдісі

Мұғалім бағалау критерийлеріне сүйене отырып, оқушылардың жұмысын қорытындылап бағалайды.

XI. Үй тапсырмасы

  1. 1) 28–29-беттер: мәтінді оқу, ережені жаттау.
  2. 2) 64-жаттығу: әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұндау. Омонимге қатысты мысалдар құрап, 5 сөйлем жазу.
  3. 3) Күнделікке баға қою.

Ескерту: толық нұсқасын жүктеу материалы қажет болған жағдайда қосымша ретінде ұсынылады.