Бұрыс бөлшектер

Сабақтардың тізімі

1) Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер

Сынып: 5-сынып

2) Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері

Сынып: 10-сынып

Сабақтың үлгісі

Төмендегі құрылым «Дұрыс бөлшектер» және «Бұрыс бөлшектер» тақырыбын қорытындылау және жүйелеу сабағына арналған үлгі ретінде берілген.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектерді ажырата білу және есеп шығаруда қолдану.
  • Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке және алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Материалды қорытындылау және жүйелеу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, информатика.
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, үлестірме материалдар.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу жүргізу және назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың жоспары

1) Үй тапсырмасын тексеру

№468, №469, №470

«Еске түсіру» стратегиясы (сұрақтар)

  1. Қандай фигура шеңбер деп аталады?
  2. Қандай кесінді шеңбердің радиусы деп аталады?
  3. Диаметр радиустан неше есе ұзын?
  4. Дөңгелек деген не?
  5. Шеңбердің доғасы деп нені айтады?
  6. Үлес дегеніміз не?
  7. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда.
  8. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
  9. Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек дейміз?
  10. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
  11. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

2) Жай бөлшектердің шығу тарихы

Тақырыпқа қысқаша шолу жасап, бөлшек ұғымының қалыптасуы мен қолданылу аясына мысалдар келтіру.

3) Қызығушылықты ояту (оқулықпен жұмыс)

№472, №474, №482, №486

Есептерді талқылау арқылы дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату дағдысын бекіту.

4) Тест

Негізгі ұғымдарды тез тексеруге арналған қысқа тест тапсырмалары.

5) Шығармашылыққа баулу

Тапсырмалар

  1. 188 санынан «сиқырлы таяқша» әдісі арқылы дұрыс және бұрыс бөлшектер құрастыр.
  2. Дөңгелекті үш түзу арқылы неше бөлікке бөлуге болады?
  3. Жұмбақтың шешуін тап.

Жұмбақ

а) Біз — ... санбыз,
Сызықпен бөлінген.
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген.
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып түрленген.

ә) Үлкені бөліп нәрсені,
Кішісі алады үлесін.
Айрылмай бірге жүрген соң
Екеуіне қойылған бір есім.
Бөлетін, алатын екеудің
Есімін сен де білесің.
Алдыңнан шығып күн сайын
Жиі кездесіп жүресің.

6) Қорытындылау

Дәйексөз: «Бөлшекті білмейінше, арифметиканы білемін деп ешкім де айта алмайды.» (Цицерон)

Үйге тапсырма

Бөлім

3-тарау

Тапсырмалар

№473, №476 (123-бет), I және II тапсырма