Флишбрутта геометриялық пішіндерді бейнелеу

Оқу іс-әрекетінің мазмұны

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Геометриялық пішіндер

Мақсаты

  • Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімін қалыптастырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту.
  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Ізеттілікке және ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Флишборт
  • Теледидар
  • Үнтаспа
  • Геометриялық пішіндер

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Назар аударту, қызығушылық ояту

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың назарын өзіне аударады және бәрін бірге ән айтуға шақырады.

Ән мәтіні

Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.
Тартып алып орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз, балақай, балақай.

Содан соң балаларды өзіне жақындатып: «Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Ашсақ, ішінен не шығар екен?» — деп қызықтырады.

Хаттың ішінен әртүрлі пішіндер шығатынын көрсетіп, балалардан пішіндерді атауды сұрайды.

  • Үшбұрыш
  • Төртбұрыш
  • Дөңгелек

Балаларға осы пішіндерді ауада «сызып» көруді ұсынады.

Теледидарға назар аудартып, экраннан көрінген пішіндердің түрі мен түсін сұрайды: «Қандай пішіндер көріп тұрмыз? Түстері қандай?»

Баланың іс-әрекеті

  • Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды және әнге қосылады.
  • Сиқырлы хатты қызығушылықпен тамашалайды.
  • Пішіндерді атап, оларды ауада қимылмен бейнелейді.
  • Теледидардан пішіндерді көріп, түстерін атайды, салыстырады.

2) Іздену-ұйымдастырушылық кезең

Сергіту және құрастыру жұмысы

Сергіту сәті

Бойыңды сергек тік ұста,
Еркін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.

Балаларды орындарынан тұрғызып, қимыл-қозғалыс арқылы демалдырады.

Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер»

Балалар геометриялық пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастырады. Мысалы, гүлдер және ою-өрнектер.

Тапсырмалар

  • Пішіндерді таңдап, біріктіріп сурет құрастыру.
  • Флишбортта таныс пішіндерді бейнелеп көрсету.

Тәрбиеші флишбортқа назар аудартып, бүгінгі танысқан пішіндерді бекітуді ұсынады.

3) Рефлексивті-түзетуші кезең

Қорытындылау және кері байланыс

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз немен таныстық?
  • Пішіндердің қандай түрлері болады?
  • Геометриялық пішіндердің қандай пайдасы бар?
  • Ең әдемі әрі ең көңілді пішіндерді кім құрастырды?

Балалардың жауаптары

Балалар сұрақтарға толық жауап беріп, ұйымдасқан оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Пішіндер туралы білімдерін кеңейтіп, түстері мен көлемін ажыратуға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже

Білуі (хабардар болуы)

Пішіндер туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Қалыптасқан әдет

Пішіндердің түсін және көлемін ажыратады.

Істей білуі

Геометриялық пішіндерді таниды және олардан әртүрлі бейнелер құрастыра алады.