Тапсырма ұжымға

География • Материктер мен мұхиттар

Сабақтың тақырыбы

Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Оңтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  • Оңтүстік Американың қалыптасу тарихы, жер бедерінің ерекшеліктері, пайдалы қазбалары мен табиғаты туралы мәлімет беріп, білімдерін толықтыру.
  • Пәнге қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту.
  • Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сөз әдісі (түсіндіру, баяндау және т.б.).
  • Интерактивті әдістер.
  • Салыстыру және топтау.
  • Өз бетінше оқыту.
  • Дамыта оқыту.
  • Ойын элементтерін қолдану.

Пәнаралық байланыс

География, экология, математика.

Көрнекіліктер

  • Дүниежүзінің жарты шарлар физикалық картасы.
  • 7-сынып атлас картасы.
  • Таратпа материалдар.
  • Слайдтар мен бейнематериалдар.

Сабақтың барысы

Кезеңдер

  1. I Ұйымдастыру.
  2. II Үй тапсырмасын сұрау.
  3. III Жаңа сабақ.
  4. IV Дәптермен жұмыс.
  5. V Картамен жұмыс.
  6. VI Бекіту.
  7. VII Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Психологиялық дайындық (1 минут).

Слайд №2

«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»

Табиғат — сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен — күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен — көлсің, сен — ормансың, сен — бұлақсың,

Адамға сұлулықты сен ұқтырған.

С. Хангелдин

Үй тапсырмасын шолу

Таратпамен жұмыс

«Сен мені білесің бе?» — сурет-жұмбақ (2 минут).

Слайд №3

Шығармашылық жұмыс

Тақырып: ашылу және зерттелу тарихы.

Христофор Колумб (1451–1506)

Ұжымға сұрақ: Колумб Америкаға неше рет саяхат жасады?

  • 1492–1493 ж. — 1-экспедиция.
  • 1493–1496 ж. — 2-экспедиция.
  • 1498–1500 ж. — 3-экспедиция.
  • 1502–1504 ж. — 4-экспедиция.

Слайд №4

Зерттеушілер

  • Америго Веспучи (1451–1512)
  • Александр Гумбольдт (1769–1859)
  • Николай Вавилов (1932–1933)

Слайд №5–6

Аңыз-әңгіме (2 минут)

Сұрақ: аңызда қандай географиялық нысан туралы айтылады?

Топтық тапсырмалар

Ұжымға тапсырма (Слайд №7):

Сұрақтар

  1. 1 Оңтүстік Американың жер бедерінің басты ерекшеліктері қандай?
  2. 2 Оңтүстік Америка қай литосфералық плитада орналасқан? Қандай плиталармен шектеседі?
  3. 3 Жер бедерінің қандай ірі формалары кездеседі?
  4. 4 Жазықтардың атын атаңдар. Олардың басым бөлігі қай аймақта орналасқан?
  5. 5 Таулардың атын атаңдар.

Жұмыс форматы

  • Ойды қысқа әрі нақты тұжырымдау.
  • Картамен дәлелдеу және салыстыру жасау.
  • Топ ішінде рөлдерді бөлісу (баяндамашы, картограф, сарапшы).

Назарға

Негізгі ұғымдарды атап, жауаптарыңды географиялық атаулармен нақтылаңдар: жазықтар, таулар, литосфералық плиталар және материктің ірі жер бедері пішіндері.