Кесіндінің сол жағына тік бұрышты үшбұрыш сыз

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Математика, 2-сынып. 3А бөлім – геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы.

Сабақ тақырыбы

Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу.

Оқу мақсаттары

  • Нүктелі қағазда кесінділерді, түзулерді және геометриялық фигураларды олардың орналасуы, қозғалысы және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.

  • Жазық фигуралардың модельдерін бөліп, олардан композиция құрастыру.

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға қимыл-қозғалыс арқылы қысқа тапсырмалар береді, соңында байқалған пішіндерді талқылайды.

Нұсқаулар

  • Он саусағымызды көрсетейік.
  • Саусақтарымызды осылай бүгейік.
  • Енді керісінше істейік.
  • Енді тез-тез 5 рет алмастырайық.

Талқылау сұрақтары

  • Қиын болды ма?
  • Бұл қимылдар қандай фигураларға ұқсайды?
  • Сынып ішінде осы фигураларға ұқсайтын заттар бар ма?
  • Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: оқушылар саусақ қимылдарынан шеңбер мен сүйір бұрыш сияқты пішіндерді байқап, оларды геометриялық фигуралармен байланыстырады.

Сабақ мақсаты

Нүктелі қағазда кесінділерді, түзулерді және геометриялық фигураларды нұсқаулыққа сәйкес бағыты бойынша сызып, жазық фигуралардың модельдерін бөліп алып, олардан композиция құру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма: «Жол картасы» ойыны

«Жедел жәрдемге жол көрсет». Нұсқаулықты мұқият оқып, сызу құралдарын пайдаланыңыз.

Жұмыс түрі: жұптық (Ж)

  1. 1

    Нүктелі қағаздың сол жақ бұрышынан көлденең 8 см кесінді сыз.

  2. 2

    Кесіндінің сол жақ жоғарғы жағына кез келген төртбұрыш сал.

  3. 3

    Кесіндінің оң жақ шетінен тік жоғары қарай 10 см түзу сызық сыз.

  4. 4

    Түзу сызықтың сол жағына үшбұрыш сал.

  5. 5

    Түзу сызықты жалғастырып, оң жаққа 5 см түзу сызық сыз.

  6. 6

    Сол нүктеден жоғары қарай 5 см түзу сызық жүргіз.

  7. 7

    Осы сызықтан солға қарай 15 см кесінді сыз.

  8. 8

    Кесіндінің сол жағына тік бұрышты үшбұрыш сыз.

Тексеру: жұмыстың дұрыстығын тақтадағы үлгіге қарап салыстырып тексереміз.

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағдаршам» әдісі

Қызыл

Орындай алмадым.

Сары

Аздап қиналдым.

Жасыл

Орындай алдым.

Мектеп және мұғалім туралы

Білім беру ұйымы
М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернат
Мұғалім
Алдақиярова Айдана Айбатырқызы