Кірпі сен неге көңілсізсің
Білім беру саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті
Мүсіндеу
Мақсаты
- Ермексазды алақан арасына салып домалақтау және сопақтау арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету.
- Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру.
- Балалардың тілін дамыту.
Билингвальды компонент
Шаттық шеңбері
Күндей жарқырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Сабақтың барысы
Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу
Тәрбиеші:
Шанамен зырлап жететін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар:
Қыс мезгілі.
Сұрақтар:
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
- Қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар?
- Қазір қыстың қай айы?
Күтілетін жауаптар:
- Қар жауады, айнала аппақ болады, күн суытады.
- Шанамен, шаңғымен, конькимен тебеміз, аққала жасаймыз.
- Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қаңтар айы.
Орманға саяхат: «Пойызбен барайық»
Балалар орманға пойызбен «аттанып», пойыз туралы өлеңді/әнді бірге айтады. Мақсат — көңіл күйді көтеру, бірлескен әрекетке жұмылдыру.
Ормандағы аңдармен танысу
Аю
Аю қыста апанына кіріп, ұйқыға кетеді. Ол қорбаңдап жүреді.
Қоян
Қоянның құлағы ұзын. Сәбіз жегенді жақсы көреді.
Түлкі
Түлкі өте қу аң. Ол жортаңдап жүреді.
Байқау:
Балалар жатқан аңды көреді — ол кірпі. Кірпі көңілсіз.
Тәрбиеші:
Кірпі, сен неге көңілсізсің?
Кірпі:
Мен отбасымды жоғалтып алдым.
Балалар кірпіге көмектесуге келіседі: біз оған өз қолымызбен отбасын жасап береміз.
Кірпі туралы қысқаша мәлімет
Кірпі — орманда мекендейтін жануар. Ол кішкентай, тұмсығы, көзі және аяқтары бар. Бірақ үстін тікенектер жауып тұратындықтан, аяқтары толық көріне бермейді. Кірпі тікенектерінің көмегімен жауларынан қорғанады: қауіп төнсе, аяқтарын жинап, домаланып жата қалады. Тікенегі көп болғандықтан, оған көп аң жақындай алмайды.
Мүсіндеу жұмысы: кірпіні жасау қадамдары
Қажетті материалдар
- Ақ ермексаз
- Қара ермексаз
- Шемішке (тікенек жасауға)
Негізгі мақсат
Алақанмен домалақтау, сопақтау, шымшу және жапсыру арқылы пішін жасау; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту.
-
1) Ақ ермексазды алып, алақан арасына салып домалақтаймыз.
-
2) Домалаған ермексазды алақанның ортасында сопақша етіп шығарамыз.
-
3) Саусақтың ұшымен шымшу арқылы тұмсығын жасаймыз.
-
4) Құлағын қалыптастырамыз.
-
5) Қара ермексаздан кішкентай домалақ жасап, көзін жапсырамыз.
-
6) Тұмсығының ұшына қара ермексаздан өте кішкентай домалақ жасап, мұрнын бекітеміз.
-
7) Ең басты бөлік — тікенегі. Оны шемішкеден жасап, кірпінің үстіне біртіндеп тығып орналастырамыз. Шемішке ермексазға оңай кіреді, сондықтан тікенектерді жиі әрі біркелкі етіп қадаймыз.
Нәтиже: кірпі дайын. Енді әр бала өз кірпісін жасап, оны «отбасына» қосады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып-жұмайық.
Қолымызды түсіріп,
Шапалақтап ұрайық.
Қорытынды
Кері байланыс
Балалардан бүгінгі сабақ ұнаған-ұнамағанын, қандай қадамдар жасағанын және кірпі туралы не білгенін сұрау.
Мадақтау
Балалардың жұмысы бағаланады: кірпі риза, ал балалар кірпінің «отбасын» толықтырды.
Қоштасу шеңбері
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Автор туралы
Мекеме
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли-бақшасы
Тәрбиеші
Жумабаева Бактикүл Амандыққызы