Сендер менің тапсырмамды орындадыңдар, онда мен ары қарай жол жүрейін
Мақсат пен міндет
Бағыт-бағдар және дербестік
Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету; ой-өрісін дамытып, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
Құндылық пен таным
Ертегі арқылы өмірге көзқарасты қалыптастыру; жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу.
Ұжымшылдық
Бір-бірімен тату болуға, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сұрағы
Балалар, «ертегі» деген сөзді естігенде қандай ой келеді? Көз алдарыңа не елестейді? Қандай ертегілерді білесіңдер?
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
2) Жаңа сабақ: «Ертегі еліне саяхат»
Кіріспе
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: біз Ертегі еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі — халқымыздың ежелден келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиетінің асыл қазынасы.
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрпын танимыз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып көріністер қатар өріледі.
Ертегі түрлері
- Жануарлар жайындағы ертегілер
- Қиял-ғажайып ертегілер
- Шыншыл ертегілер
Шақыру шумағы: Кел, тыңдайық ертегі, Естіген жанды елтеді. Талай ғажап оқиға, Қызық сырын шертеді.
Сахналық қойылым: «Бауырсақ»
Басталуы
Ерте, ерте, ертеде… бір ата мен әже өмір сүріпті.
Атасы: «Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші».
Әжесі: «Неден пісіремін? Ұн жоқ қой».
Атасы: «Қаптың түбін қақшы, бауырсақтық ұн табылып қалар».
Әжесі қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді. Суытып, терезе алдына қояды. Бір кезде бауырсақ домалап қашып кетеді.
Ормандағы кездесу: Қоян
Бауырсақ орман ішіне домалап келіп, қоянның көжегін үйретіп жатқанын естиді.
Қоянның көжегі: Мен ақ қоян, ақ қоян, Қорқақ қоян, сақ қоян. Қасқырлардан қорқамын, Орманға мен зытамын.
Қоян: Сұр көжегім, көжегім, Еркелігіңді сеземін. Сабаққа мойын бұратын Сенің де келді кезегің.
Көжек бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын!»
Бауырсақ: «Жоқ, мені жемеші. Саған өлең айтып беремін, тыңда».
Атадан да қаштым, Ападан да қаштым, Қоян, сенен де қашып кетемін!
Қоян: «Өлеңің әдемі екен. Бірақ одан да менің тапсырмамды орында».
Қоянның тапсырмасы
Бауырсақ: «Енді не істеймін, балалар? Маған көмектесіңдерші».
Мұғалім: «Қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?»
- 1 Қазақстан Республикасының Президентінің аты-жөні кім?
- 2 Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- 3 Біз қай қалада тұрамыз?
Бауырсақ: «Рақмет, балалар! Сендердің көмектерің көп тиді».
Қоян: «Сендер өте ақылды оқушылар екенсіңдер. Онда мен өз жөніммен кете берейін».
Келесі кездесу: Қасқыр
Бауырсақ домалап қояннан қашып шығып, ағаш түбінде жатқан қасқырға жолығады.
Қасқыр: Түсім сұрқай, тым суық, Орманда жүремін аң қуып.
Қасқыр: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ: «Жемеші, мен саған өлең айтып беремін».
Қасқыр: «Өлеңің керек емес. Менің тапсырмамды орында».
Қасқырдың тапсырмасы
- 1 Жыл мезгілдерін ата.
- 2 Бір аптада неше күн бар?
- 3 Оларды ата.
Бауырсақ: «Рақмет, балалар! Қасқырдан да құтқардыңдар».
Қасқыр: «Тапсырмамды орындадыңдар, онда мен де ары қарай жүре берейін».
Келесі кездесу: Аю
Бауырсақ әрі қарай домалап, шөп үстінде құлпынай жеп отырған аюға тап болады.
Аю: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ: «Жемеші мені. Мен саған өлең айтып беремін: атадан да қаштым, ападан да қаштым, сенен де, аю, қашып кетемін!»
Аюдың үндеуі
Аю:
«Әй, балалар, балалар! Менде қызық ойын бар. Ал ықылас қойыңдар, Кәне, тәртіп сақтайық. Мен берген тапсырманы Бұлжытпай орындайық»