Жұптық тапсырма

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

№1 орта мектебі КММ • III деңгей • жоғары санат • бастауыш сынып мұғалімі: Ахметкалиева Ғалия Қалышовна

Сабақ тақырыбы: М. Мақатаев — «Үш бақытым»

Білімділік

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жатқа оқуға дағдыландыру.
  • Ақынның негізгі идеясын анықтау.

Дамытушылық

  • Өлеңді талдау арқылы оқушының сөйлеу тілін дамыту.
  • Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу.
  • Өз пікірін еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Тіл мен сөз өнерін құрметтеуге, қастерлеуге баулу.

Көрнекіліктер

Ақынның портреті, маркерлер, сызбаға арналған қағаздар, буклеттер және қосымша материалдар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту: «Құндақтама сәбиді» өлеңін Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен тыңдату.

Мағынаны тану

Слайд арқылы М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады.

Бірлескен жоба (талантты оқушымен):

«Балалар, бақыт деген не?»

Топтастыру стратегиясы

БАҚЫТ ұғым құндылық сезім

Күтілетін бағыт

Бүгін біз ақынның «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. Ақынның бақыты не? Неліктен солай деп ойлайсыңдар?

Болжам стратегиясы

Өлеңді оқу тәртібі

  1. 11-шумақты мұғалім оқиды.
  2. 22-шумақты бір оқушы оқиды.
  3. 33-шумақ хормен оқылады.

Өлеңді талдау

Сұрақтар

  • 1, 2, 3-шумақтарда не туралы айтылады?
  • Ақынның «үш бақыты» қандай ұғымдармен беріледі?

Үш бақыт

  • Халық
  • Тіл
  • Отан

Көркем теңеулер мен бағалау

Халық

«Қымбаттырақ алтыннан»

Тіл

«Қасиетті тіл»

Отан

«Оттан да ыстық»

Осы тіркестер арқылы ақын халқына, тіліне, Отанына деген бағасын ең жоғары құндылық деңгейіне көтереді.

Қосымша деректермен жұмыс

Әр партаға қосымша деректер таратылады. Оқушылар оқып танысады, жұпта талқылайды, түсінгенін бір-біріне әңгімелейді.

Баламаларын табу

Халық
ел, жұрт
Отан
туған жер, атамекен

«Халық» туралы деректер

  • Халық — Қазақстанда тұратын адамдар.
  • Елімізде 16 миллионнан астам халық тұрады.
  • Қазақстанда 130-дай ұлт өкілдері өмір сүреді.

«Тіл» және «Отан» туралы деректер

Тіл

  • Тіл — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы.
  • Қазақстанда 130-дай тіл бар.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Отан

  • Отан — әр адамның туып-өскен жері.
  • Отан — сенің отбасың, жақындарың.

Сергіту сәті

Ақын балалық шағын сағынып, сәби болғысы келгенін айтады. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнін тыңдаймыз.

Тілек жазу (сыныптық жұмыс)

1-қатар — халыққа, 2-қатар — тілге, 3-қатар — Отанға бір-бір тілек жазып, тақтадағы тиісті сөздің тұсына іледі.

Ой толғаныс: деңгейлік тапсырмалар

1-топ

Отан туралы әңгіме жазу.

2-топ

«Мен қазақ тілін жақсы білемін» тақырыбында эссе жазу.

3-топ

«Достық мекені — Қазақстан» тақырыбында тірек сөздер арқылы шығарма жазу.

4-топ

Авторға хат жазу.

Рефлексия: сатылай кешенді талдау

Сабақты қорытындылау үшін оқушылар жұпта сызбаны толтырып, өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.

Авторы М. Мақатаев
Тақырыбы «Үш бақытым»
Жанр түрі Өлең
Шумақ саны 3
Негізгі ойы Ақынның туған жеріне, халқына және тіліне деген шексіз сүйіспеншілігі, осы құндылықтарды ең биік бақыт ретінде бағалауы.

Қорытынды пікір

Мұқағалидай ақыны бар халық — бақытты халық. Бүгінде Мұқағали Мақатаев — ең көп оқылатын ақындардың бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елді, жерді сүюге және әрдайым қамқор болуға тәрбиелейді.

Бағалау

Оқушыларды топтық және жұптық бағалау түрлері арқылы бағалау.