Жер ана бәрімізге ортақ
Достық шаңырағында
Балалар хормен: «Достық мерекесі құтты болсын, Ынтымақ күні құтты болсын, Бірлік күні құтты болсын!» — деп, қолдарында шар, лента, гүл ұстап, залға кіреді.
Тәрбиешінің сөзі
Мамыр айы — табиғаттың жайма-шуақ, берекелі кезеңі. Айналамыз жасыл желекке оранып, әлем ерекше реңге енеді. Мамыражай мамырды ақындар да жырлап өткен.
Көктем жыры: балалардың тақпақтары
Жамила
Көктем келді, мамыр келді, Шақырады тойға елді. Кел, бірге жүр, жақсы мамыр, Гүл терейік, тысқа шық!
Даниела
Келді мамыр — көркем ай, Гүл өсті қыратта. Қуанып ту алып, Шықтық біз парадқа.
Марат
Көктем келді, мамыр келді, Мамыражай ай келді. Тал-теректер түрленіп, Жапырағын жайды енді.
Ислам
Ананың, баланың Сый толы құшағы. Шарықтап, қалықтап Ақ көгершін ұшады.
Ән
«Достық»
Қазақстан — ортақ шаңырақ
Жер-ана бәрімізге ортақ. Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір сүріп келеді.
Тәрбиеші сұрағы: «Балалар, Қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?»
Жауап: «Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық араласып өмір сүреміз.»
Ендеше, әр ұлттың балалары өз өлең жолдарын арнасын. (Әр ұлттың ұлттық киімін киген балалар тақпақ айтады.)
Би
Әр ұлттың биінен попурри
Ән
«Ағайынбыз бәріміз»
Тәрбиешінің түйіні
Иә, біз — көңілі көл-дариядай кең халықпыз. Осыншама ұлт өкілін шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта өмір сүріп келеміз. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз бекер айтылмаған.
Би мен ойын: дәстүрлер тоғысы
Тәрбиеші: «Қуанып елмен бірге мереке күні, жұптасып құрбылармен би билесек…» — деп, Поляк елінің «Полька» биін тамашалауға шақырады.
Әр ұлттың өзіне тән ойыны бар. Соның ішінде Башқұрт халқының ойыны — «Киіз үй», ал Беларус халқының ойыны — «Шарбақ».
Күн шуағына тілек
«Күніміз ашық болсын» деп, елімізге тыныштық тілейік. Ортадағы күннің көзіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.
-
1-бала
Достық болсын.
-
2-бала
Бірлік болсын.
-
3-бала
Аспанымыз ашық болсын.
-
4-бала
Әрқашан күн сөнбесін.
-
5-бала
Бейбітшілік болсын.
-
6-бала
Ынтымақ болсын.
Рахат
Біз әр түсті баламыз, Қол ұстасып барамыз. Күн сөнбесін ешқашан Деп, шырқап ән саламыз.
Ән
«Ақ көгершін»
Қорытынды тілек
Елімізде тыныштық орнап, бірлігі жарасқан ел болайық. Әрдайым ынтымақта, достықта өмір сүрейік! (Осы кезде балалар «Бірлік», «Достық», «Ынтымақ» деген сөздер жазылған плакаттарды ұстап шығады.)
Барлығы хормен
Бір ата, бір ананың түлегіміз, Бір болсын, қайда жүрсек, тілегіміз. Бірлік барда — тірлік бар деген бабам, Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз.