Зат мөлшері

Сабақтың тақырыбы

Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларға молекулалардың өлшемі мен массасы, зат мөлшері, молярлық масса және молекулалар саны туралы түсіндіру.

  • Дамытушылық

    МКТ негіздерін меңгеру барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, жүйелі ойлауға және ізденіске бағыттау.

  • Тәрбиелік

    Өмір құбылыстарының физикалық заңдылықтармен байланысын көрсету; еңбектенуге, ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, проектор, слайд

Пәнаралық байланыс

Физика (7-сынып), химия (9-сынып)

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру
  4. 4 Жаңа сабақты бекіту
  5. 5 Үйге тапсырма беру
  6. 6 Қорытындылау, бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырмалар

  1. FILA кестесін толтыру.
  2. МКТ-ның негізгі қағидаларын физика және химия тұрғысынан түсіндіру.
  3. Топтық жұмыс (физиктер және химиктер).

1-топ: Физиктер

«Атом» және «молекула» сөздерін қолданып, сөйлемдерді толықтырыңдар:

  1. Су ______ құрамына оттек және сутек ______ кіреді.
  2. Адам мен жануарлар тыныс алғанда оттек ______ пайдаланады.

2-топ: Химиктер

Сөйлемдерді толықтырыңдар:

  1. Ауаның құрамында азот және оттек ______ бар.
  2. Қатты қыздырғанда су ______ сутек пен оттек ______ ыдырайды.

III. Жаңа сабақ: негізгі ұғымдар

Молекулалардың өлшемі мен массасы

Молекулалардың негізгі сипаттамаларының бірі — олардың өлшемі мен массасы. Молекула өлшемін бағалау мақсатында неміс физигі В. Рентген мен ағылшын физигі Д. Релей тәжірибелер жүргізген.

Халықаралық келісім бойынша молекулалардың (және атомдардың) массалары көміртек атомы массасының 1/12 бөлігімен салыстырылады. Химиялық элементтердің атомдарының салыстырмалы массалары Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінде берілген.

Зат мөлшері және молекулалар саны

Берілген денедегі атомдар мен молекулалардың салыстырмалы санын сипаттайтын физикалық шама зат мөлшері деп аталады.

Негізгі байланыс

N = n · NA

Мұнда N — молекулалар саны, n — зат мөлшері, NA — Авагадро тұрақтысы.

Авагадро тұрақтысы

NA = 6,02 · 1023 моль−1

Бұл тұрақтыны 1811 жылы итальян физигі әрі химигі А. Авагадро анықтаған.

Зат мөлшерінің бірлігі

Зат мөлшерінің бірлігі ретінде 1 моль қабылданған.

n = N / NA

Молярлық масса

Салыстырмалы молекулалық массамен қатар физика мен химияда молярлық масса ұғымы кеңінен қолданылады. Молярлық (мольдік) масса — 1 моль заттың массасы.

Өлшем бірлігі

кг/моль

Байланыстар

M = m0 · NA

m0 = M / NA

Мұнда m0 — бір молекуланың массасы.

Сонымен бірге зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасында да байланыс бар. (Толық нұсқасы төмендегі материалдарда қарастырылады.)