Екі оқушыны шығару
Денсаулық әліппесі
Білімділік мақсаты
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы — денсаулық екенін ұғындыру. Денсаулықты сақтаудың негізгі жолы — зиянды әрі жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану.
Дамытушылық мақсаты
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» қағидасының тиімді екенін түсіндіру. Дене тәрбиесіне қызығушылықты арттырып, салауаттылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Денсаулықтың қадірін түсінуге, оны сақтай білуге тәрбиелеу. Күнделікті шынығу әдетін орнықтырып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға бағыт беру.
Кіріспе әңгіме
Мұғалімнің сөзі: Адамның денсаулығы — қоғамның байлығы. Әрбір адам өз денсаулығын нығайтудың жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болады, ол еңбекке әрдайым құлшына кіріседі.
Халқымыз «Дені саудың — жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі мен көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан таңдауларың — салауатты өмір салтын сақтау.
Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері осы ұстанымды басты бағдар етіп келеді. Қоғам денсаулығы — елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы негізгі тірек.
Балалар, қараңғы үйге кіріп шам жақсаң — үй жарық болады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең — көзің соған түседі. Ендеше, өмірімізді нұрландыратын, айналамызға сәуле шашатын ең басты байлық не?
Салауатты өмір салты: негізгі талаптар
Салауатты өмір салтын ұстану үшін күнделікті өмірде төмендегі талаптарды орындау маңызды. Денсаулықты сақтауда бұл факторлардың орны ерекше.
1) Күн тәртібі
Айқын әрі тұрақты күн тәртібін құру.
2) Дұрыс тамақтану
Тамақты уақытында, пайдалы әрі мөлшермен тұтыну.
3) Дұрыс тынығу
Ұйқы мен демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.
4) Дене еңбегі мен жаттығу
Қозғалысты көбейтіп, жүйелі түрде спортпен шұғылдану.
5) Таза ауа мен серуен
Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
6) Табиғат аясында болу
Табиғатпен байланыс — жан мен тәнге қуат.
7) Зиянды әдеттерден сақтану
Денсаулыққа зиян әкелетін дағдылардан аулақ болу.
8) Дұрыс қозғалыс
Дене қалпын сақтау, белсенді қимыл-қозғалысты әдетке айналдыру.
Оқушылар шығармашылығы: денсаулық туралы өлеңдер
1-оқушы
Денсаулық — ол шыныққан Барлық дене мүшесі. Денсаулық — ол тыныққан Жүйке-тамыр жүйесі.
2-оқушы
Денсаулық — ол күлуің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық — ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Адам ағзасы және дұрыс дене бітімі
Адамның дене құрылысы (3-оқушы)
Қара айнаға қарасаң, көресің Өзіңді — адам денесін. Қол-аяғың, басың бар, Оған кеуде қосылар — Бұл — сыртқы құрылысың. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің — Бұл — ішкі құрылысың.
Дұрыс дене бітімі (4-оқушы)
Сымбат — мүсін дегенің, Бітім — көркі денеңнің. Сымбат — жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Бас пен арқаға күш сап, Партаға жатып алма.
Гигиена: тазалық — денсаулықтың негізі
Әртүрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны белгілі. Микробтар көбіне кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріледі. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау — денсаулық үшін аса қажетті шарт.
Гигиена — бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
Жеке тазалық (5-оқушы)
Дос бол сабын, сумен сен, Жиі-жиі жуын сен: Таңертең де, кешке де, Жуын күндіз — түсте де. Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында, Жуын ұйықтар кезіңде, Жуын тұрған мезгілде.
Ауыз қуысы гигиенасы (6-оқушы)
Мен айтайын тақпақ, Алғын оны жаттап. Тісіңді жу, тазарт, Маржандай болсын аппақ. Ауыз қуысының қомақты ісі бар: Ұсататын тамақты — Отыз екі тісі бар. Алғашқы тіс — сүт тістер, Түсіп бірте тынады. Алты жастан бастап нық тістер — Тұрақты тіс шығады.
Тісті күту (7-оқушы)
Тіс болмаса, Асты қалай шайнарсың? Тазалап жүр тісіңді. Тісті күнде екі рет, Кішкене де ыңғайлы, Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан, Әдет қыл бұл ісіңді: Щеткаңды берме ешкімге, Басқа адамның щеткасын қолданба.
Аяқ-қол гигиенасы (8-оқушы)
Аяқ-қол — көмекші, Күт оны ерекше. Қол жиі ластанады, Сондықтан істің әр соңында қолды жу — Кірді су-ақ жояды. Аяқ-қолды кірлетпей, Тырнағыңды алып жүр.
Тері гигиенасы (9-оқушы)
Тері — сезім мүшесі.
- Затты сезінуге көмектеседі: ыстықты, суықты, қаттыны, жұмсақты ажыратады.
- Дене қызуын реттеуге қатысады.
- Қорғаныш қызметін атқарады: зиянды микробтар мен вирустардың ағзаға өтуіне тосқауыл болады.
Ескерту (10-оқушы)
Еріншектен — салақтық, Салақтықтан — надандық. Бірінен бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық. Еріншек таза жүре алмас, Кір қолын да жуа алмас. Қаракет жоқ, ғылым жоқ — Өз бойынан ұялмас.
Тазалық туралы көрініс
Мұғалім: Кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар да кездеседі. Ондай балалар туралы не айтамыз? (Екі оқушы шығады: біреуі — үсті-басы кір, екіншісі — ұқыпты.)
Тазалық сақтамайтын бала туралы
Күнде бетін жумайды, Жу десең — тулайды. Өз-өзінен өкпелеп, «Жолама!» деп ақырады. Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді, Күледі жұрт, күледі. Көрсе осы бір кескінін, Айниды адам жүрегі. Сондай бала бола ма? Сендер ондайдан аулақ болыңдар.
Ұқыпты, таза бала туралы (13-оқушы)
Жақсы бала құлақ сап, Істемейді шалалық, Айтқаныңды ұғады. Төсегінен тұра сап, Таза ауаға шығады. Жақсы бала — ол анық: Тап-таза боп жуынып, Өзі таранып алады.
Мұғалім: Кір бала өз қателігін түсініп, ұялғанын байқатты. Енді тазалықпен дос боласың ба? Жауап: Иә, ант етемін.
Барлығы: «Тазалық — денсаулық кепілі!»
Күн тәртібі деген не?
Күн тәртібі — жұмыс пен тынығу уақытын дұрыс алмастырып отыруға көмектесетін кесте.
Ол — тәулік бойындағы әрекеттерді уақытқа сай тиімді әрі бірізді түрде жоспарлау: еңбек пен демалысты кезектестіру, ұйқыны жеткілікті қылу, тамақтануды уақтылы ұйымдастыру.
Тәртіп
Уақытты бағалауға үйретеді.
Тепе-теңдік
Оқу мен демалыс үйлесімін сақтайды.
Денсаулық
Ұйқы, қозғалыс, тамақтану тұрақтанады.
Өнімділік
Зейін мен күш-қуатты арттырады.