Балалар тудың түсі көк

Жамбыл облысы • Талас ауданы • Қызыл-Әуіт ауылы

«Балдәурен» балабақшасының ән-саз пәні мұғалімі: Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы

Сабақ туралы

Тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер

Сабақ түрі

Тәрбие сағаты

Байланысы

Тіл дамыту

Көрнекілігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба, Гимн)

Мақсаты

  • Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.
  • Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
  • Рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге және рәміздерді бәрінен биік ұстауға тәрбиелеу.
  • Рәміздердің элементтері мен бөлшектерінің атауларын жатқа білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу Өлең жолдарын қайталату Сурет бойынша таныстыру Сұрақ-жауап

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды оқу іс-әрекетіне дайындау. Сабаққа деген зейінді психологиялық ойындар арқылы оятып, қызығушылықты арттыру.

Кіріспе сұрақтар

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай?
  • Жазғы демалыста жақсы демалдыңдар ма?
  • Жаңа оқу жылында балабақшаға жаңадан келген балалар бар. Бәріміз танысып үлгердік пе?
  • Балабақша сендерге ұнады ма?

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? Әрине, Қазақстан Республикасында.

Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.

Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.

Ал елімізді басқарған Елбасымыздың есімі кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (сурет арқылы көрсету).

Сендер суреттерден не көріп тұрсыңдар? Кейбір жаңадан келген балалар танығанымен, толық білмеуі мүмкін — бүгін бәрін ретімен таныстырамыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту

Тудың негізгі түсі — көк. Бұл түс адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар көк түс — бейбітшілік пен тыныштықтың, жарқын болашақтың белгісі, яғни «аспанымыз ашық болсын» деген ниетті меңзейді.

Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран бейнеленген, ал сол жақ қапталында ұлттық ою-өрнек бар.

  • Күн — нұрлы, жарқын өмірдің белгісі.
  • Қыран — кеңдік, қырағылық, биіктік пен еркіндіктің нышаны.
  • Ою-өрнек — қазақ халқының ұлттық болмысын танытады.
  • Сары (алтын) түс — молшылық пен байлықтың белгісі.

Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңбаның дәл ортасында негізгі элемент ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол — елтаңбаның жүрегі іспетті.

  • Шаңырақ — біртұтастықты, отбасы ошағын, мемлекет негізін білдіреді.
  • Қанатты тұлпарлар — мәңгілік өмірді, арман мен асқақ мақсатқа ұмтылысты меңзейді.
  • Бес жұлдыз — жарқын болашаққа бағыт беретін нышан.
  • Төменгі бөлігіндегі «Қазақстан» жазуы — еліміздің айрықша белгісі.

Мемлекеттік Гимн

Мемлекеттік Гимн — рәміздеріміздің бірі. Гимннің сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев жазған, ал әнін Шәмші Қалдаяқов шығарған.

Орындау әдебі

Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды: орнымыздан тұрып, оң қолды жүрек тұсына қойып, денені тік ұстап айтамыз.

Мәлімет

Сөзін жазғандар
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған
Шәмші Қалдаяқов

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (мәтін)

1-шумақ

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

2-шумақ

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең-байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қорытынды

Бекіту сұрақтары

  • Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап беріңдер.
  • Ту мен Елтаңба туралы өлең жолдарын қайталайық.
  • Сабақты Мемлекеттік Гимнді орындаумен аяқтаймыз.

Қоштасу

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балалар ауызша бағаланады. Қош сау болыңдар!

Өлеңдер

«Жалау»

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы Күн

Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өрнек — мұрамыз,

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай!

«Елтаңба»

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ орданың төрінде.