Кім ұялды

Әдебиеттік оқу • 3-сынып • Ойын сабағы

Сабақ тақырыбы: «Дүкенде»

Бұл сабақ жоспары мәтінді түсініп оқуға, сөздік қорды байытуға, кейіпкер әрекетін бағалауға және мәдени қарым-қатынас құндылықтарын бекітуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: мәтінді түсініп меңгеруге жағдай жасау; мәтіннен қиын сөздерді табуға үйрету; мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
  • Дамытушылық: шығармашылық қабілетті дамыту; кейіпкер іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалау.
  • Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға және мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Сабақ түрі:
ойын сабақ
Әдістер:
топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ–жауап, «Ішіне–сыртына» стратегиясы
Көрнекілік:
суреттер, таразы, алма
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, дүниетану
I

Қызығушылықты ояту

«Қуаныш шеңбері»

Мақсаты: оқушы өзін достық шеңберіне қабылданғанын сезініп, өзіне сенімі артады.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Ойын арқылы тақырыпты ашу

Сабақты ойынмен бастаймыз. Ойынның мақсаты — жаңа сабақтың тақырыбын ашуға дайындық жасау.

Кім мамандықтың атын жылдам табады?

Білімнің нәрін теретін,
Балаға тәлім беретін.
(мұғалім)

Кім мамандықтың атын жылдам табады?

Айнытпай келбетті,
Салатын суретті.
(суретші)

Бүгінгі тақырыбымыз сатушы мамандығымен байланысты.

II

Мағынаны ашу

1) Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: мәтінді оқудың түрлі тәсілдері арқылы оқушылардың оқу дағдысын арттыру.

Мұғалім

Мәтінді мәнерлеп оқиды.

I топ

Мәтінді тізбектеп оқиды.

II топ

Мәтінді күбірлеп оқиды.

III топ

Мәтінді рөлге бөліп оқиды.

2) Сөздікпен жұмыс

Мақсаты: мәтін мазмұнын толық түсіну және сөздік қорды молайту. Оқушылар сөздерді дәптерге жазып алады.

Сөз/тіркес Мағынасы
Қос жұдырықтай үлкен
Бедірейіп тұра берді көңіл бөлмегендей болып, үнсіз тұра берді
Тілалғыш айтқан жұмысты екі етпей, қалтқысыз орындайтын адам
Зыта жөнелді қаша жөнелді

3) «Ішіне–сыртына» стратегиясы

Мақсаты: кейіпкердің жағымды және жағымсыз әрекеттерін ажыратып, бағалай білу.

Жағымды әрекет

Анасының айтқанын тыңдап, дүкенге барады.

Жағымсыз әрекет

Сатушының сөзін естімегендей болып, үнсіз тұра береді.

III

Ой толғаныс

1) Көрініс көрсету

Орынтай мен сатушы арасындағы әңгімеден үзінді көрсетіледі. Мақсаты — оқушылардың өз ойын еркін айтуына және ортада өзін дұрыс ұстауына ықпал ету.

Рөлдер

Сатушы, Орынтай

Үзінді

Сатушы: «Қарғам, түскен алманы әперіп жіберші», — деді.

Орынтай: «Апай, сіз жаққа домалап кеткен екі алманы әперіңізші», — деп өтінді.

2) Жеке оқушымен жұмыс

  1. 1-тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұны бойынша жоспар құр.
  2. 2-тапсырма: Осы мәтіннен өзіңе қандай ой түйдің?
  3. 3-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:
    • Кім өкінді?
    • Кім ұялды?
    • Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?

3) Мақал-мәтелдер

Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын түсіндіріңдер.

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.»

Шынайы дос шындықты жасырмай айтады, ал дұшпан алдап, көңілін табуға тырысады.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет.»

Қоғамдағы сыйластық үлкенге құрмет көрсетуден және кішіге ізет білдіруден басталады.

Қорытынды

Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, сөздікпен жұмысы, рөлдік ойындағы белсенділігі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Мәтін мазмұнын айту.
  • «Сен үшін ұялдым» тақырыбына эссе жазу.

«Жүректен – жүрекке»

Әр оқушы жанындағы досына жүрекке жылы сөз жазып, бір-біріне ізгі тілегін білдіреді.