Балаларды ойындар арқылы заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралауға, бір жерден екінші жерге жинай білуге үйрету
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорлық тәрбие
- Тақырыбы
- Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
- Көрнекілігі
- Доптар, қораптар
- Мақсаты
- Балаларды ойындар арқылы заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралауға, бір жерден екінші жерге жинауға үйрету. Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту, сөз дыбыстарын дұрыс айтуға, дербес іс-әрекет жасауға және түстерді ажыратуға дағдыландыру.
- Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, ән айту
- Сөздік жұмыс
- доп сары түсті көк түсті домалақ
Ойын арқылы ұйымдастыру: «Добым, добым, домала»
Дайындық
- Балаларды көрпешелердің үстіне жайғасып отыруға шақыру.
- Аяқтарын ашып, доп келгенде тез ұстап алатындай ыңғайланып отыруды ескерту.
Сұрақ-жауап (үлкен көк доп)
- — Мынау не, балалар?
- — Доп.
- — Біз доппен не істеп жатырмыз?
- — Бір-бірімізге домалатып жатырмыз.
- — Доп әдемі ме?
- — Иә, әдемі.
- — Доп үлкен бе, кіші ме?
- — Доп үлкен.
- — Доптың түсі қандай?
- — Түсі көк.
Сұрақ-жауап (кіші сары доп)
- — Ал мына доптың көлемі үлкен бе, кіші ме?
- — Бұл доп кіші.
- — Кіші доптың түсі қандай?
- — Түсі сары.
- — Қараңдаршы, қандай көңілді домалайды. Доптың пішіні қандай?
- — Пішіні домалақ.
Қозғалыс сәті
Балалар орнынан тұрып, қол шапалақтайды. Екі допты салыстырып, «үлкен — кіші», «көк — сары» ұғымдарын қайталайды. Допты жерге соққанда секіретінін бақылап, балалар да доп сияқты секіреді.
Саралау және жинау тапсырмасы
Ойыннан кейін доптар жан-жаққа шашылып қалады. Балалар оларды түсі мен көлеміне қарай қораптарға жинайды:
-
Көк қорапқа
Көк түсті үлкен доптар салынады.
-
Сары қорапқа
Сары түсті кіші доптар салынады.
Нәтижесі: балалар тапсырманы орындап, доптарды қораптарға ұқыпты орналастырады.
Ән: «Доп»
Домала доп, домала,
Балшыққа тек жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресің қолымды.
Секіріп өт ордан да,
Секіріп өт жолдан да.
Қуса күшік жетпесін,
Машина басып кетпесін.
Күтілетін нәтиже
- Балалар заттардың үлкен және кіші болатынын ажыратады.
- Түстерді (көк, сары) ажырата алады.
- Заттарды пішіні бойынша (домалақ) таниды және сөздік қорын толықтырады.