Қар кесегі

Ересектер тобы: «Жұлдызша» Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырып

Қысқы табиғат ерекшеліктері

Тақырыбы

Қар кесегі

Тәрбиеші

Оразахунова Назым Болатқанқызы

Мақсаттары

Білімділік

  • Балаларды дәстүрден тыс үрлеу әдісі арқылы (түтікшемен үрлеу) «қар кесегін» салуға үйрету.
  • Қысқы табиғаттың ерекшеліктерін ажыратып, атап айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Қысқы ойын түрлері туралы білімін кеңейту.
  • Есте сақтау қабілетін және бақылағыштығын дамыту.

Тәрбиелік

  • Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
  • Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Дала аппақ түске енді, Аралап қайтайық. Ақ күміс бақтарды…

Қайырлы таң, достарым! Қайырлы таң, апайлар!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақтар

  • Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Ол не?

    Жауабы: қар.

  • Қар жауғанда топ бала соғып келіп аққала: мұрны — сәбіз, үп-үшкір; көзі — көмір, қап-қара. Ол не?

    Жауабы: аққала.

Сұрақ-жауап арқылы талқылау

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілінде неше ай бар?
  • Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
  • Үскірік аязда тоңғанда не істейміз?
  • Күн шыққанда не істейміз?

Суреттер мен слайдтар арқылы қысқы табиғаттың ерекшеліктерін талқылаймыз: ауа райы, қар, аяз, боран.

Шығармашылық жұмыс: кляксография арқылы «Қар кесегі»

Орындау қадамдары

  1. 1 Ақ қағазды дайындаймыз.
  2. 2 Ақ сияны көк сиямен араластырып, көкшіл реңк аламыз.
  3. 3 Сияны қағазға тамызамыз.
  4. 4 Түтікшемен үрлеп, дақты жан-жаққа таратып, «қар кесегінің» бейнесін шығарамыз.
  5. 5 Дайын жұмысты қарап, қысқы көңіл күйді сипаттаймыз.

Көптілділік

Қар — снег — snow

Сергіту сәті

Қимылды сергіту жаттығуларын бейнеролик арқылы орындаймыз.

Тақтамен жұмыс

Орындалған жұмыстарды тақтаға орналастырып, әр баланың «қар кесегін» бірге талқылаймыз: түс реңкі, дақтың бағыты, композиция.

Дидактикалық ойын: топқа бөлу

Шарты

Тақтада қыс тақырыбына қатысты суреттер ілінеді. Балалар оларды тиісті бөлімдерге орналастырады: қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындар.

Мақсаты

  • Қысқы табиғат көрінісін бейнелейтін сөздерді айтқызу.
  • Қысқы табиғат құбылыстарын және қысқы ойын түрлерін атауға үйрету.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікті арттыру.

Қорытынды

Нені меңгердік?

Қысқы табиғат ерекшеліктерін ажыратып, атай білуді және «қар кесегін» кляксография әдісімен салуды үйрендік.

Нені дамыттық?

Есте сақтау, бақылау, қиялдау және ұсақ моторика дағдыларын дамыттық.

Нені бағалаймыз?

Табиғатқа жанашырлықпен қарап, әсемдікті сезінуді және тазалықты сақтауды бағалаймыз.