Әңгімедегі аналар еңбегі

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы.

Сынып

8

Пән

Әдебиет

Сабақ тақырыбы

Қарауылбек Қазиев — «Менің шешем»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесін қорытындылау, алған білімді жинақтап бекіту, соғыс жылдарындағы аналар еңбегі туралы түсінікті толықтыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Ананы құрметтеуге, мейірімділікке, ана еңбегін ақтауға, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Сабақ түрі
Білімді жинақтау, қорыту сабағы
Сабақ әдістері
Іздендіру, сайыстыру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, «Автор орындығы»

Ресурстар мен байланыстар

Техникалық құрал
Интерактивті тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері оқушының мәтінді түсінуін, ой қорытуын және өз ойын еркін жеткізуін күшейтуге бағытталған.

I. «Бәйге» — зымыран сұрақтар

10 сұрақ
  1. Қарауылбек Қазиев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  2. Соғыс ауыртпалығы ауылда кімдердің мойнына түсті?
  3. Бала түн жарымына дейін неге ұйықтай алмады?
  4. Бала түнде неліктен сыртқа жүгіріп шықты?
  5. Анасының аяғы неліктен қанайды?
  6. Ауданнан келген өкілдерге анасы қандай жауап берді?
  7. Нан жегісі келген баланың әрекетіне қалай қарайсыңдар?
  8. Баланың шешесі қандай адам? Ол қандай жұмыс істейді?
  9. Әңгімеге арқау болған оқиға қандай?
  10. Әңгіменің негізгі тақырыбы мен идеясы қандай?

II. «Көкпар» — мақал-мәтел сайысы

Топтық жұмыс

Әр топтан бір оқушы шығып, ана және еңбек тақырыптарында мақал-мәтел айтады.

III. «Тіл-өнер» — тақтамен жұмыс

Көптілділік

1) Ошақтағы ... та өшірілмеген, уатылған сексеуіл де кіргізілмеген, бұзауың да байлаулы қалпында.

Жауабы: от / огонь / fire

2) ... болса, асығып-үсігуді күнделікті әдетіне айналдырып алған.

Жауабы: шешем / мать / mother

3) Асылында, бұл адамның махаббаты ... мен біте қайнасқан қасиетті махаббат қой деп ойлаймын.

Жауабы: өмір / жизнь / life

4) Бұл өзі ... соғысының соңғы жылдарындағы оқиғалар еді.

Жауабы: Отан / Родина / homeland

5) ... орнымнан атып тұрып, есіктің алдында тұрған шешемді итеріп жіберіп, далаға жүгіріп шықтым.

Жауабы: мен / я / me

6) Елжіреген ... менің, әлі тосып жатырмысың?

Жауабы: жүрегім / сердце / heart

7) Әкелерің тізесінен қан кешіп жүргенде, біздің ... жұмысынан тартынғанымыз жараспас.

Жауабы: үй / дом / home

8) Әрине, ... айтып келе жатқан сен емессің, қайран анам, болса да ол — жастар жағы.

Жауабы: ән / песня / song

IV. «Жанды сөз» — кітаппен жұмыс

Жазушының тіліне, көркем сөз қолданысына назар аудару.

  • Жұмысқа асығып бара жатқан ана бейнесі.
  • Қарны ашып, нан жегісі келген баланың ішкі күйі.
  • Әңгімедегі аналардың тылдағы еңбегі.
  • Ана үміті мен сабыры.

V. «Білгірлер» — дәптермен жұмыс және «Автор орындығы»

Рефлексия

Топтастыру тапсырмасы

Дәптерге «Ана», «Майдан», «Тыл» сөздері бойынша топтастыру әдісімен білетін ойларыңды жаз.

«Автор орындығы» әдісі

Орындыққа отырып, өз ойыңды еркін әрі дәлелді жеткіз.

Жазылым тапсырмалары

  1. Әңгіме неге «Менің шешем» деп аталған? Сен қалай атар едің?
  2. Егер сен баланың орнында болсаң, қандай іс-әрекет жасар едің?
  3. Осы шығарманы өзің жазсаң, қалай аяқтар едің?

VI. «Ділмар» — түйінді ой

Ана — теңдесі жоқ құдірет. Ана — сарқылмайтын күш. Ана махаббаты — киелі күш.

Берілген тақырыптар бойынша ана махаббатының құдіретін дәлелдеу мақсатында топ мүшелері бірлесе мәтін дайындайды. Әр топ өз өкілі арқылы ой-пікірін қорғайды.

Сергіту сәті

«Ойлан тап» — сөзжұмбақ шешу арқылы ойды сергіту, назарды қайта шоғырландыру.