Муз жетекші

Ортанғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

«Күзгі орманға саяхат»

Мақсаты

  • Балаларды шығарманы зейін қойып тыңдауға үйрету арқылы әуен мен ырғақты сезіне қабылдауын дамыту.
  • Музыканың эмоционалды-бейнелі мазмұнын қимыл арқылы шығармашылықпен жеткізе білуге баулу.
  • Жаңа ұғымдарды енгізу: жанр, темп, ұрмалы аспаптар.
  • Түрлі сипаттағы музыкаға деген тұрақты ынта мен қызығушылықты арттыру.

Пайдаланылатын құралдар

компакт-дискілер суреттер магниттік тақта карточкалар балалар аспаптары үш үйшік «Көңілді нотка» маскасы шырша бүрлері (шишкалар)

Сабақ барысы

Балалар залға марш екпінімен кіріп, жеңіл жүгіріп, бастапқы қалыпқа тұрып, тоқтайды. Музыка жетекшісі балаларға бүгін оқу іс-әрекетіне қонақтар келгенін айтып, барлығын музыкалық сәлемдесуге шақырады: «Здравствуйтe, здравствуйтe, здравствуйтe!» (әуенмен дауысты жоғары көтере), кейін «Сәлеметсіз бе!» (дауысты төмен түсіре) деп қайталайды.

Осы сәтте есік ашылып, көңілсіз ергежейлі (гномик) кіріп, балалармен амандасады.

Ертегілік мәселе: ергежейліге үй керек

Музыка жетекшісі: «Балалар, таныдыңдар ма бұл кім? Ергежейлі, неге көңілің жоқ?»

Ергежейлі: «Күз аяқталып, қыс та жақындап қалды. Ал менің тұратын үйім жоқ. Тоңып, қалтырап жүрмін. Ыңғайлы баспана таба алмай қойдым. Маған көмектесесіңдер ме?»

Музыка жетекшісі балалардан ертегілерде ергежейлілер қайда қоныстанатынын сұрайды. Балалар: «Орманда!» деп жауап береді. Ендеше бәрі бірге орманға саяхатқа шығып, ергежейліге үй табуға келіседі.

Саяхатқа шығу

Жылдам жету үшін балалар паровоз болып тізіліп тұрады. Жол тегіс емес болғандықтан ирелеңдеп жүреді. «Паровоз» әуенімен орманға «жол тартып», бірінші үйшіктің алдына келіп тоқтайды.

1-үйшік: бесік жыры және «жанр» ұғымы

Музыка жетекшісі: «Балалар, мына үйде қандай сурет көріп тұрсыңдар?» Балалар бесіктің суретін айтады. «Ал біз бесік жырын білеміз бе? Ендеше қуыршағымызды әлдилеп, ән айтайық».

Ән

«Әлди-әлди, қуыршақ»

Ергежейлі ән тыңдап отырып ұйықтап қалады.

Негізгі түсінік

Бұл ән бесік жыры жанрына жатады. Әр шығарманың өз жанры болады; бесік жырын орысша «колыбельная» деп те атайды.

Музыка жетекшісі ергежейліні оятып: «Бұл үй ұнады ма?» деп сұрайды. Ергежейлі: «Жоқ, мұнда бірден ұйқым келе береді. Маған ұнамайды», — дейді. Барлығы келесі үйді іздеуге аттанады.

2-үйшік: аспаптардың үнін ажырату

Екінші үйшіктің сыртында музыкалық аспаптардың суреті ілінген. Музыка жетекшісі: «Мен бір шу естіп тұрмын. Суретте не көріп тұрсыңдар?» — деп сұрайды. Одан кейін балаларға музыкалық-дидактикалық ойын ұсынады.

Ойын

«Музыкалық аспаптардың үнін тап»

Үнтаспадан әртүрлі аспаптардың дыбысы қойылады. Балалар мұқият тыңдап, қандай аспап екенін табады.

Үстел үстіндегі карточкалардан сәйкес аспаптың суретін таңдап алып, магниттік тақтаға орналастырады.

Музыка жетекшісі балаларды мадақтап: «Жарайсыңдар!» дейді. Ергежейліден: «Бұл үй ұнады ма?» — деп сұрайды. Ергежейлі: «Жоқ, бұл үй тым шулы екен. Басым ауырып кетті», — деп жауап береді. Сөйтіп, үшінші үйшікті іздеуге шығады.

3-үйшік: «Көңілді нотка» және қимылды ойын

Үшінші үйшіктің сыртында нота белгілері бар. Музыка жетекшісі есікті қағып: «Тук-тук, бұл үйде кім тұрады? Ау-ау, кім ән айтады?» — деп шақырады. Сол сәтте Көңілді нотка шығып, балалармен амандасады да, ән ұсынып береді.

Ән

«Гномик»

Ергежейлі бұл үйдің көңілді екенін айтып, осында тұратын болып шешеді. Балаларға ризашылығын білдіреді. Содан кейін ол ойын ойнататынын хабарлайды: балалар әнге қимыл-қозғалыс жасайды, ал ән тоқтаған кезде жерде жатқан шырша бүрлерін тез жинайды. Бүрі жетпей қалған бала ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Мадақтау

Ойын соңында ергежейлі балаларға бүрлерді үлестіріп береді. Ергежейлі мен Көңілді нотка өз үйлеріне қайтатынын айтып қоштасады.

Қорытынды әңгіме және қайту

Музыка жетекшісі: «Орман іші қандай тыныш, ауасы қандай керемет! Біз бүгін не істедік? Кімге көмектестік?» — деп балалармен қорытынды әңгіме жүргізеді.

«Үйде анаңа, әкеңе көмектесесіңдер ме? Үлкендерге әрдайым қол ұшын беріп отыру керек», — деп тәрбиелік мәнін бекітеді.

Балабақшаға тез жету үшін балалар «тұлпар» болып шабады.

Ән

«Тұлпарым»

Сабақ соңында музыка жетекшісі: «Міне, балалар, балабақшамызға да жеттік. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар!» — деп қорытындылайды.