Ақпарат қасиеті

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы

Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпарат саны және ақпарат өлшем бірліктері. Ақпараттың қасиеттері. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру; сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әртүрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа және жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын және мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекі құралдар

  • Компьютер
  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы

  1. 1

    Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру.

  3. 3

    Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. 4

    Тапсырмаларды орындау.

  5. 5

    Сабақты бекіту.

  6. 6

    Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер: «Ақпарат» деген не?

«Ақпарат» сөзі латынның informatio сөзінен шыққан және «түсіндіру», «баяндау», «мәлімет» деген мағыналарды білдіреді.

Қазіргі кезде ақпарат күнделікті өмірге және ғылымның көптеген салаларына (философия, экономика, физика, математика, информатика және т.б.) кеңінен енді. Ақпаратты жазбаша, ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізуге болады.

«Ақпарат» ұғымы белгілі бір хабардың, жаңалықтың немесе өткен оқиғаның мазмұнын білдіреді.

Тірі организмдердің құрылысын зерттеу де бізге көп мәлімет береді. Мысалы, «Неге бала атасына ұқсайды?» немесе «Неге иттен адам тумайды?» деген сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді: тұқым қуалаушылық бар, ал негізгі белгілер ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат ретінде беріледі.

Демек, ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да кездеседі. Ол әрқашан сөзбен ғана берілмейді: ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, ол қарым-қатынас барысында, өз бетімен ойлау мен зерттеу нәтижесінде де пайда болады.

Ақпаратқа бір ғана үзілді-кесілді анықтама беру қиын. Оны қоршаған дүние және онда жүріп жатқан үдерістер туралы хабарлар мен мағлұматтар ретінде түсінуге болады. Ақпарат материя және энергиямен қатар қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпараттың түрлері

Мазмұны бойынша

  • Қоғамдық-саяси
  • Әлеуметтік-экономикалық
  • Ғылыми-техникалық
  • Химия-биологиялық
  • Физиологиялық
  • Басқа түрлері

Сипаты бойынша

  • 1

    Статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы).

  • 2

    Алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық.

  • 3

    Басқарушы және мәлімет беруші.

  • 4

    Объективті және субъективті.

Ақпараттың қасиеттері

Толықтық Сенімділік (анықтық) Бағалылық Маңыздылық (актуалдық) Айқындылық Қысқалық Нанымдылық

Табиғаттағы ақпарат: беру және өңдеу мысалдары

Жануарлар әлемі

Жануарлар өз аумағын қорғау үшін иіс арқылы белгі қалдырады. Бұл — ақпарат берудің табиғи тәсілдерінің бірі.

Адамның қабылдауы

Адам ақпаратты сезу және көру арқылы қабылдайды. Радио, теледидар, газет-журналдағы мәліметтер де сезім мүшелері арқылы қабылданады.

Адам қабылдайтын ақпарат бейнелік және таңбалық болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат

Табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс және сезу арқылы қабылданатын мәліметтер.

Таңбалық ақпарат

Сөйлеу және жазу түрінде алынатын мәліметтер. Ауызекі тіл де таңбалық ақпаратқа жатады, өйткені ол дыбыстық таңбалардан (фонемалардан) тұрады.

Таңба арқылы қарым-қатынас жасау қатынас тілі деп аталады. Табиғи қатынас тілдеріне қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика және компьютермен қатынасу тілдері кіреді.

Алфавит және сан жүйелері

Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсету үшін қолданылатын алфавиттер (сан жүйелері): екілік, сегіздік, ондық, оналтылық.