Сұрақтарға жауап жаз. Сабақтың тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Сан есім (слайд арқылы)
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларға сан есім туралы толық мағлұмат беру; алған білімдерін пысықтау; теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық
Жаттығу жұмыстары арқылы білімді дамыту; өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру; топтық жұмыс арқылы дербестікті жетілдіру; шығармашылық белсенділікті арттыру; анық сөйлеуге және ырғақпен айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Тақырыпты түсіндіру барысында сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне мән беру; топпен жұмыс арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа және өзара көмекке баулу.
Сабақ түрі
Қайталау сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бақыт
Бақыт — бақыт менде, бақыт сенде, бақыт — барлық жерде.
Тыныштық
Тыныштық — тыныштық менде, тыныштық сенде, тыныштық — барлық жерде.
Бейбітшілік
Бейбітшілік — бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік — барлық жерде.
Еске түсіру
Сөйлеу алдындағы ережелерді қайталау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
466-жаттығу
Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
«Қара жорға» биі.
Көркем жазу
(Сс) сегіз, сексен, сегіз жүз.
Оқулықпен жұмыс
-
467
Жұмбақ есеп
Оқып, шешуін табу.
-
468
Жаңылтпаш
Оқып, жатқа жазу.
-
469
Сұрақтарға жауап
Жауаптарды жазу.
-
470
Жұмбақ есеп
Оқып, шешуін табу. Бала санын дәлелдеу.
Ойын: «Кім жылдам?»
Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
| Өлшем | Теңдігі |
|---|---|
| 1 минут | = ___ секунд |
| 1 сағат | = ___ минут |
| 1 тәулік | = ___ сағат |
| 1 апта | = ___ тәулік |
| 1 жыл | = ___ ай |
| 1 ғасыр | = ___ жыл |
Сурет бойынша әңгіме
Тақырып: «Менің отбасым»
Әңгімеде сан есімдерді қолдану.
Терме диктант
Бір үйдің отыз екі баласы бар.
Балта ұстаған екі баласы.
Төрде отырған апасы бар.
(Жауабы: ауыз, тіс, жақ, тіл)
Сабақты қорыту: тест тапсырмалары
1) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
- а) қандай? қанша?
- ә) не? нешінші?
- б) қанша? неше?
2) Сан есімді көрсетіңдер:
- а) бес
- ә) есептік
- б) белсенді
3) Сан есім қай сөз табымен байланысады?
- а) етістікпен
- ә) зат есіммен
- б) сын есіммен
4) Берілген сөздер қай сөз табына жатады? (Екінші, бес, алпыс алты)
- а) сын есім
- ә) сан есім
- б) есімдік
5) Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді жазыңдар:
Ер — ... рет өледі,
Қорқақ — ... рет өледі.
- а) бір, бесінші
- ә) бір, мың
- б) бір, көп
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы беріледі.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бойынша қорытынды баға қойылады.