Бояулар сыры
Күзгі бал – 2012: мектепішілік байқаудың жүргізілуі
Армысыздар, ағайын-туыс, құрбы-құрдас! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдас! Бүгінгі кештің әуенін бірге бастап, сайысқа шын көңілмен қол соғайық.
Біздің ортамызда ойын-сауық басталады: тамаша күй тартылып, ән шырқалады. Қошеметтеп, қол соғып отырайық — күн бойғы шаршағанды ұмыттыратын кеш болсын.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі бал – 2012» байқауына қош келдіңіздер!
Кештің ашылуы
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, әр үйде ататын жаңа таңбыз. Жан мен тән сұлулығын тең ұстап, бар елдің назарын өзімізге аударамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. (Музыканың сүйемелдеуімен қатысушы жұптар ортаға шығады.)
Ерке өсіп, ең жайнаған ұл мен қыз, асыға сәлем жолдаймыз жүректен біз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
Көп сөзге салынбай-ақ, қандай сайыс болса да қашпайық. Ендеше, рұқсат етсеңіздер, жұптар сайысын бастайық!
Сайыс бағдарламасы
Байқау бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады.
-
1) Кел, танысайық
Қатысушы жұптар өздерін таныстырады.
-
2) Викторина (сұрақ-жауап)
1 минут ішінде сұрақтарға жауап беру қажет. Сұрақтар бірнеше бағытты қамтиды: математика, ауыз әдебиеті, қазақ тілі теориясы, дүниетаным, саясат және тарих.
-
3) Сиамдық егіздер
Екі қатысушының біреуінің оң қолы, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос қатысушы қайшы ұстайды, сол қолы бос қатысушы өрнегі бар қағазды ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті дәл қиюы керек.
-
4) Мәдениет (мимика)
Жұптар әділқазылар берген конверттегі тапсырманы ым-ишара, мимика арқылы көрерменге жеткізеді.
Мысал тапсырмалар:
- Кешке мейрамханаға келіңізші.
- Ертең сабақ болмайды екен.
- Мен сіздің суретіңізді салғым келеді.
- Біз сіздерді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға шақырамыз.
-
5) Сұр мерген
Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен алманы себетке лақтырып түсіруі керек.
-
6) Модельер
Қатысушыларға бірдей керек-жарақ беріледі. Сол заттардан киім үлгісін құрастырып, ұсыну қажет. Уақыты: 7 минут.
Керекті заттар:
- Орташа кастрөл
- 3 түрлі лента
- Ойыншық қорабы (шамамен 25×40×40)
- Қыстырғыштар
- Гүлдер
- Ремень
- Бос қалта
- Қайшы
- Желім таспа (скотч)
-
7) Бояулар сыры
Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс-жидектердің суретін салады (алма, алмұрт, қарбыз, лимон және т.б.).
-
8) Көңілді аспазшы
Жұптардың біріне картоп, екіншісіне пияз беріледі. Картопты қабығын үзбей тазалап, пиязды аршып, жұқалап сақина түрінде турау керек.
-
9) Би өнері
Әр жұп әртүрлі ұлттардың музыкасына би билейді.
Әділқазылар және сәлемдесу
Әділқазылар алқасымен таныстырамыз. (Әр кезеңнің арасында музыкалық сәлемдеме жолдауға болады.)
Қазақ халқы: «Сәлем — сөздің анасы» — дейді. Амандасу — ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі. «Сәлем, достар! Амансың ба? Қалайсың?» — дегендей, сайысымызды бастаймыз.
Кезеңдер мазмұны (толық шарттар)
1-кезең: «Кел, танысайық»
Әр сыныптан қатысушы жұп өздерін таныстырып шығады.
2-кезең: «Сұрақ-жауап»
1 минут ішінде сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар бірнеше блоктан тұрады: 5 математикалық есеп, 5 ауыз әдебиетінен үзінді, 5 қазақ тілі теориясы, 5 дүниетанымдық, 5 саяси және 5 тарихи сұрақ.
3-кезең: «Сиамдық егіздер»
Бір қатысушының оң қолы, екіншісінің сол қолы байланады. Бірі қайшымен, бірі қағазбен жұмыс істеп, өрнекті бірігіп қияды.
4-кезең: «Мәдениет»
Конверттегі сөйлемдерді сөзсіз, тек ым-ишарамен көрерменге жеткізу керек.
5-кезең: «Сұр мерген»
Қолдары байланған күйі алманы себетке дәл лақтырып түсіреді.
6-кезең: «Модельер»
Берілген заттардан киім үлгісін жасап, таныстырады (7 минут).
7-кезең: «Бояулар сыры»
Көздері байлаулы екі қатысушы бірігіп жеміс-жидек суретін салады.
8-кезең: «Көңілді аспазшы»
Бірі картопты қабығын үзбей аршиды, бірі пиязды тазартып, жұқалап турайды.
9-кезең: «Би өнері»
Әр жұп түрлі ұлт музыкасына би билеп, өнерін көрсетеді.
Қорытынды және марапаттау
Жеңіс пен жеңілістен тұратын өмір — күрес. «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімеңіз: қатысу да — бір жеңіс, жан болсаң, соны ұғын.
Марапаттау рәсімі өткізіледі.
Қош дейміз, алда әлі талай сайыс бар. Өнерлеріңіз шыңдала берсін, қалыспаңыздар. Көрермендер күннен-күнге көбейсін, қонақтарымыз тіпті ғарыштан да келе берсін — деп, «Күзгі бал – 2012» сайысын аяқтаймыз.