Сынып жұмысы

ШҚО, Риддер қаласы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ерғасымова Ақмарал Тұрсынғалиқызы

Пән

Қазақ тілі

Сынып

4-сынып

Сабақ тақырыбы

Жаз

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу.
  • Сөздік қорды молайту.
  • Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Жаңа сөздермен танысады.

Сөздік қоры кеңейеді.

Ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.

Көрнекіліктер

Оқулық Стикерлер Суреттер Таратпа материалдар

Қолданылатын модульдер

  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
  • Сын тұрғысынан ойлау.
  • Диалогтік оқыту.
  • Оқыту үшін бағалау.

Сабақ кезеңдері мен әдіс-тәсілдер

Төменде сабақтың негізгі кезеңдері берілген. Әр бөлім оқушының қызығушылығын арттыруға, тілдік дағдыны дамытуға және жаңа сөздерді тәжірибеде қолдануға бағытталған.

1) Ұйымдастыру

А) Амандасу және психологиялық дайындық

Мұғалім оқушылармен амандасып, көңіл күйін көтеретін өлең жолдарын оқиды:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ, Тұратын көз тартып — Жаз келді жадырап. Жиі жаңбыр жауады, Кемпірқосақ шығады. Балалар өзенге шомылып, Самал жел де соғады.

Сұрақ: Бұл қай кезде болады?

Ә) Кезекшімен сұхбат

  • Кім кезекші?
  • Қай жыл мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Сабақта кім жоқ?
  • Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

Б) Фонетикалық жаттығу

Ә

ән, сән

Ү

үн, күн

Ұ

ұн, құн

І

ін, мін

Ө

өн, көн

Қ

қон, тон

Ғ

ған, ғұн

Ң

таң, шаң

Һ

жиһаз, айдаһар

2) Үй жұмысын тексеру

Мұғалім үй жұмысын тексеріп, орындалған жұмыстарды жинап алады.

3) Қызығушылықты ояту

Тақырыпқа байланысты таныстырылым көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап, жыл мезгілін анықтайды және сабақ тақырыбын болжайды.

Талқылау сұрақтары

  • Суретте көрсетілген қай жыл мезгілі?
  • Бүгінгі тақырып не туралы?
  • Бүгінгі сабақта не үйренеміз?
  • Нені білуіміз керек?

Дәптермен жұмыс

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу: 13 сәуір, дүйсенбі. Сынып жұмысы. Жаз.

Қосымша тапсырма: «Жаз» сөзін қалай топтастыруға болады?

4) Мағынаны тану

Әдіс: «Қарлы кесек»

Оқушылар сөздерді бір-біріне толықтырып, қайталау арқылы бекітеді: сөз — сөз тіркесі — сөйлем.

А) Сөздікпен жұмыс

  • Дәптерге жазу.
  • Дұрыс айтуға үйрену.
  • Сөз тіркестерін және сөйлем құрау.

1-топ

жүземіз

2-топ

шомыламыз

3-топ

жарысамыз

4-топ

тойлаймыз