Су - тіршілік көзі5 - сыныпСабақтың тақырыбы

Бөлім: Су – тіршілік көзі • 5-сынып

Сабақ тақырыбы: Сусыз өмір жоқ

Оқу мақсаттары

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау (5Т1).
  • Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру үшін шағын диалогке қатысу (А5).

Сабақ мақсаттары (деңгейлері бойынша)

Барлық оқушылар:

Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды, сұрақты түсініп жауап береді.

Кейбір оқушылар:

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды, сұрақты түсініп, шағын диалогке қатыса алады.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.
  • Сұраққа нақты әрі түсінікті жауап береді.
  • Шағын диалогке қатысып, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер:

үнемдеу сұрауы бар аштық шөл

Грамматикалық тақырып:

Сан есімнің мағыналық түрлері.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарға баулу
Ынтымақтастық және өмір бойы білім алу (оқу бағдарламасы, 18-тармақ).
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, география.
Алдыңғы білім
Оқушылар тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады және сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың басы (5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі: «Пазл» әдісі

Оқушылар пазл бөліктері арқылы топтарға бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

Тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

I топ

мұхит, шай, өсімдік, көк түс, көл

II топ

жаңбыр, адам, табиғат, «Х» белгісі

Сабақтың ортасы

Түсіну (5 минут): айтылымалды тапсырма

I топ: 5W әдісі

Не?
Су.
Қандай?
Мөлдір, тұщы, түссіз.
Түрлері?
Мұз, көл, теңіз, бұлт, бұлақ және т.б.
Пайдасы?
Өсімдікке, жануарға, көлікке, тазалыққа, ауызсуға қажет.
Зиянды заттар?
Өндіріс қалдықтары, шайынды сулар.

II топ: «Суды біз қайда және қалай қолданамыз?»

Кластер әдісі арқылы ойды жүйелейді.

Қалыптастырушы бағалау

Смайлик арқылы кері байланыс беріледі.

Мектеп туралы ақпарат

Мектеп
№20 ЖОББМ
Мұғалім
Кубаева Г. Ж.

Ескерту: «Сусыз өмір жоқ» тақырыбы бойынша материал жүктеуге арналған белгі ретінде көрсетілген.