Аяқ сөзінің тура және ауыспалы мағынасын айтыңдар

Сабақ тақырыбы: көп мағыналы сөздер

Бұл сабақта оқушылар сөздің көп мағыналылығын ажыратып, оны сөйлем ішінде орынды қолдануды үйренеді. Сонымен бірге тілдік талдау дағдылары дамытылып, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу көзделеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі

Сызба, қоржын, асық, сөзжұмбақ

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, көп мағыналы сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Сөздің көп мағыналылығын ажыратып, оны мәтін мен сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйрету.

2) Дамытушылық

Жаттығулар арқылы сөздік қорды, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, лексикалық талдау дағдыларын және танымдық белсенділікті дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды сауатты, таза, көркем әрі ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып тазалығына назар аудару.
  • Кезекшімен қысқаша сұхбат жүргізу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы толық және ішінара тексеріледі. Қажет тұстарда қысқаша кері байланыс беріледі.

III. Жан-жақты білім тексеру

Алдыңғы сабақтарда сөздің тура және ауыспалы мағыналары қарастырылған. Осы білімді сұрақ-жауап арқылы нақтылап аламыз.

Тура мағына

Сөздің затты немесе құбылысты тікелей атап білдіретін мағынасы.

Ауыспалы (туынды) мағына

Тура мағына негізінде туып, кеңейіп, көпшілікке түсінікті болып қалыптасқан мағына.

Мысал: «аяқ» сөзі

Тура мағынасы

Аяқ — дене мүшесі.

Ауыспалы мағынасы

Жұмыстың аяғы, жиналыстың аяғы.

IV. Мақсат қою және жұмыс форматы

Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөздің мағынасы бар, мағынасыз сөз болмайды. Сөз дыбыстардан құралады, алайда кез келген дыбыс тіркесі мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарай қолданамыз.

Сөздің бірнеше мағынада жұмсалуы мүмкін. Бүгінгі тақырып — осы ерекшелікке қатысты. Оқушылар дәптерлеріне күн ретін және тақырыпты жазады.

Сабақ құрылымы (ойын элементтерімен)

Сабақ 3 топқа бөлініп өткізіледі (әр топ өзіне атау таңдайды). Әр дұрыс жауап бір асық арқылы есептеледі.

  1. I кезең — «Бәйге»
  2. II кезең — «Алшы ойын»
  3. III кезең — «Ханталапай»

V. Жаңа сабақ: көп мағыналы сөздер

Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады. Тілде бір емес, бірнеше мағынаны білдіретін сөздер жиі кездеседі.

Мысал: «ата» сөзі (зат есім)

  • Үлкен әке, әкенің әкесі.
  • Ата жолы — ескіден қалған жөн-жоба, әдет-ғұрып.
  • Ата жұрт — ежелгі мекен.
  • Ата кәсіп — атадан келе жатқан шаруашылық түрі.

Сөздің қолданылу аясы өзгергенде, яғни бір саладан екінші салаға ауысқанда, оның мағынасы да кеңейіп, түрленуі мүмкін.

Термин: полисемия

Көп мағыналылықты полисемия деп те атаймыз. Бұл — грек тілінен енген сөз: поли — «көп», семия — «мағына».

Мысал: «бас» сөзінің көп мағыналылығы

Мағынасы

Дене мүшесі

Тіркес

Таудың басы

Тіркес

Сөздің басы

Тіркес

Сабақтың басы

Бұл сөздердің бәріне қойылатын сұрақ — «Не?». Демек, көп мағыналы сөздердің мағыналары, әдетте, бір сөз табының аясында сақталады.

VI. Жаңа білімді бекіту

I кезең — «Бәйге»

51-жаттығу орындалады. Дұрыс жауаптар үшін ұпай беріледі.

Тапсырма

Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағыналарын анықтап, кестені толтырыңдар.

Сөз Тура мағына Туынды мағына(лар) Мысал сөйлем
       
       
       

Автор туралы мәлімет

Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Керімханқызы Ақтоты.