Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

Әдебиет 6-сынып Тақырыптық бөлім: «Туған жерім – алтын бесігім»

«Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Бұл материал 6-сыныпта көркем шығармадағы кейіпкерлерді тип және тек тұрғысынан сипаттауға, әр кейіпкердің ерекшелігін танып, іс-әрекетіне баға беруге бағытталған.

Оқу мақсаты

6.Ж3 — Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

Сабақ мақсаты

Әдеби туындыдағы кейіпкерлерді тип және тек тұрғысынан сипаттау.

Кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігін анықтап, олардың іс-әрекетіне баға беру.

Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар

Пәнге қатысты сөздік қор

тип тек кейіпкер образ жанр фабула

Кейіпкер (персонаж)

Көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам; әдеби образ.

Образ

Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылыс (көбінесе әдеби қаһарман бейнесі).

Образдың тектері

Әдеби тек тұрғысынан образдың негізгі үш түрі бар:

  • Эпикалық
  • Лирикалық
  • Драмалық

Эпикалық образ

Шығармада толық кескінделген, болмыс-бітімі анық, дараланған образ.

Тип ұғымы

Әдебиетте образ ұғымы екі мағынада қолданылуы мүмкін: көркем бейне (кейіпкер) және тип. Тип — көркем әдебиеттегі жинақтау нәтижесі, яғни бір кейіпкер арқылы белгілі бір дәуірге тән ортақ сипаттарды көрсету.

Мысал

Аяз бидің образы — тек бір ғана адамның емес, сол кезеңде өмір сүрген Аяз би тектес адамдарға ортақ қасиеттерді жинақтаған бейне.

Тек және жанр

Жанр (французша genre, латынша generis — «түр», «тек») — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан ішкі жіктелім жүйесі. Қазақ әдебиеттануында эпос, лирика, драма ұғымдары бұрын «жанр» деп те аталған. Алайда дәл мағынасында жанр — осы тектердің ішіндегі нақты түрлік үлгілер (мысалы, ертегі, аңыз, мысал, поэма т.б.).

Фабула

Фабула (лат. fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжеттен бірқатар ерекшеліктерімен ажыратылады.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 1 Сендердің ойларыңша, кейіпкер деген кім?
  2. 2 Әдебиеттегі типтік образ дегенді қалай түсінеміз?
  3. 3 Әдебиеттегі «тек» сөзінің мағынасын қалай түсіндіреміз?
  4. 4 «Аяз би» ертегісі тегі мен түрі жағынан қандай шығармаға жатады?
  5. 5 Ертегідегі кейіпкерлер тегі тұрғысынан қай топқа жатады? (Эпикалық)
  6. 6 «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлерді іс-әрекеттері тұрғысынан қалай жіктеуге болады?