Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік
А. Құнанбайұлының шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, білімді жүйелеу және жинақтау. Шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.
ә) Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық
Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін және шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы сұралады. Оқушыларға мазмұнды бірнеше сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалады.
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тапсырмалар деңгей бойынша орындалады.
Деңгейлік тапсырмалар
Сұрақтар білімді қайталау, бекіту және тереңдетуге бағытталған.
I деңгей (міндетті)
-
Абайдың әкесі кім?
- A) Өскенбай
- B) Ырғызбай
- C) Кененбай
- D) Құнанбай
-
Абай қай жылдары өмір сүрді?
- A) 1845–1904
- B) 1845–1905
- C) 1846–1905
- D) 1946–1906
-
Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?
- A) Әбдіжаппар
- B) Ғабулжаппар
- C) Ахмет-Риза
- D) Әбдірахман
-
Абай болыс болды ма?
- A) Жоқ
- B) Иә
- C) Мүлдем
- D) Ешқашан
-
Абайдың рухани ізбасары, әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
- A) М. Жұмабаев
- B) С. Сейфуллин
- C) М. Әуезов
- D) І. Жансүгіров
-
Сөзжұмбақты шешіңдер (А-Б-А-Й)
1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты
Қарашұнақ
2) Абайдың үлкен әкесі, атақты би
Өскенбай
3) Абай қай айда туды?
Тамыз
4) Абайдың әйелі
Әйгерім
II деңгей (алгоритмдік)
-
Абайдың шын аты кім?
- A) Абай
- B) Телғара
- C) Ибраһим
- D) Ибрағали
-
Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?
- A) 9
- B) 10
- C) 11
- D) 12
-
Кәрі әже ауылдың кімге қойған аты?
- A) Ділдаға
- B) Зереге
- C) Анасына
- D) Немересіне
-
Ұлжан Абайға кім болып келеді?
- A) Әжесі
- B) Қызы
- C) Анасы
- D) Немересі
-
Абай қай рудан шықты?
- A) Арғын
- B) Тобықты
- C) Шекті
- D) Найман
-
Абай кім?
Қысқаша сипаттама беріңдер: ақын, ағартушы, ойшыл, композитор, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
III деңгей (эвристикалық)
-
Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?
- A) Құдайберді
- B) Тәңірберді
- C) Оспан
- D) Ысқақ
-
Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
- A) 1907
- B) 1908
- C) 1909
- D) 1910
-
Абайдың дүниетанымының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-демократ кім?
- A) Крылов
- B) Лермонтов
- C) Пушкин
- D) Михаэлис
-
Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
- A) Шырын
- B) Шынар
- C) Шүкіман
- D) Шырайлы
-
Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырза мешіт салдырған жерді анықтаңдар.
- A) Үржар
- B) Семей
- C) Көкпекті
- D) Алматы
-
Абайдың ақын шәкірттерінен кімдерді білесіңдер?
Жауапты тізім түрінде жазыңдар: __________________________
IV деңгей (шығармашылық)
Кестені толтырыңдар. Мұхтар Әуезов Абай шығармаларын 5 түрге жіктейді:
М. Әуезов жіктемесі
- 1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері
- 2. Абайдың лирикасы
- 3. Абайдың поэмалары
- 4. Абайдың аудармалары
- 5. Абайдың қара сөздері
Сенің жіктеуің
Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің? Өз нұсқаңды ұсын.
Жауап
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Қорытынды бөлім
Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша қосымша сұрақтар қойылады. Түсінбеген тұстарға нақты жауап беріледі.
Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау жазу.