Мақсаты мен міндеті
Түсінік хат
Бұл құжат 9-сыныпқа арналған мемлекеттік тілдегі іс қағаздар бойынша қосымша оқыту курсының жұмыс бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама оқушылардың іс қағаздарын қазақ тілінде сауатты, бірізді және талапқа сай жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Мазмұны
Түсінік хат
Курстың жалпы сипаттамасы, негіздемесі және бағыт-бағдары.
2-бет
Мақсаты мен міндеті
Оқыту нәтижелері мен негізгі міндеттер жүйесі.
3-бет
Курстың мазмұны
Тақырыптар тізбегі, ұғымдар мен практикалық бағыт.
4-бет
Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау
Сабақтардың реттілігі, уақыт бөлінісі және жоспарланған жұмыстар.
5-бет
Пайдаланған әдебиеттер
Нормативтік, әдістемелік және қосымша дереккөздер.
7-бет
Мақсаты
«Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар» бағдарламасының мақсаты — іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің мемлекеттік құндылығын және әлеуметтік маңызын ұғындыру, сондай-ақ оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызмет етуінің маңызды алғышарттарының бірі екенін түсіндіру.
Міндеттері
-
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңызын түсіндіру және оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің маңызды алғышарттарының бірі екенін ұғындыру.
-
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым саласы екенін таныту.
-
Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
-
Болашақ мамандарды іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары, толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі және мақсаты туралы білім негіздерімен қаруландыру, сондай-ақ қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз үлесін қосуын қамтамасыз ету.
-
Іс қағаздарының түрлерімен, оларға қойылатын талаптармен, безендірілу ерекшеліктерімен және лексикасымен таныстыру.