Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу
Әдебиеттік оқу (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
С. Жүнісов. «Кімнің мекені жақсы?»
Негізгі идея
Туған жерді сүю, қадірлеу, өз мекеніңді бағалау.
Мақсаты
Білімдік мақсат
- Әңгіменің негізгі идеясын түсіндіру және ұғындыру.
- Мәтін мазмұнын ашу: жәндіктердің өз мекенін қалай жақсы көретінін талдау.
Дамытушылық мақсат
- Жаңа сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, сөздік қорын және сөйлеу тілін дамыту.
- Танымдық қабілеттерін жетілдіру, ой қорыту дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөлу: жапырақтардың артындағы сандар арқылы.
- Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
2) Психологиялық ахуал
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ — үйрену, оқу, ұлағат.
Әрбір ісім — тірлік, бірлік, адамдық.
Әрбір сөзім — шындық, теңдік, адалдық.
Әр жүректе — туған елге махаббат.
Өткен сабақтағы «Алтын ережені» еске түсіру
Сыныптағы өзара сыйластық, тыңдай білу және бірлесіп жұмыс істеу қағидаларын қайталау.
3) Мақсат қою
- Сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.
- Таныстырылым көрсету арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
4) Үй тапсырмасын тексеру
- Қайталау сұрақтары.
- М. Мақатаевтың Отан туралы өлеңін жатқа айту.
- Отан туралы мақал-мәтелдерді қайталау.
«Жалғасын тап» ойыны
Әр топқа мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырмасы ұсынылады.
Тапсырма
Туған жердің …
Тапсырма
Отаны бірдің жүрегі бір, …
Тапсырма
Отан — …, Отбасы — …
Тапсырма
Туған елдей ел болмас, …
Тапсырма
Отансыз адам — …
Тапсырма
Отан — от…; Отан оттан да ыстық, жалыны …
Мағынаны тану
С. Жүнісов туралы
Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау, таныстырылым арқылы маңызды деректерді көрсету.
Мәтінмен жұмыс
Ертегіні электронды оқулықтан көрсету және мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар қою.