Әке мен анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі жырдың алтын арқауы
Сабақтың тақырыбы
Ақиық ақынға тағзым
Мақсаты
- Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
- Кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа баулу.
- Өлеңді, өнерді, сезімді қадірлеуге үйрету.
Дамытушылық міндеттері
- Оқушылардың өлеңге қызығушылығын арттыру.
- Көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.
- Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі және көрнекіліктер
Сабақтың түрі
Әдеби-танымдық сабақ.
Көрнекі құралдар
Интерактивті тақта, М. Мақатаев шығармалар жинағы, суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші сөзі
Әлем — дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар.
Қорған емес, салтанатты,
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар!
Осылай жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталды. Қазақ поэзиясында сыршылдығымен де, шыншылдығымен де жаңа өрнек қалыптастырған ақын «Хантәңірі мұзбалағы» атанды. Биыл ақынның туғанына 80 жыл толады.
Өзіне дейінгі қазақ жырынан нәр алған Мақатаев поэзиясы тұтастай алғанда бір дәуірдің шынайы бет-бейнесін, сыршыл жүрегін, адамзатқа деген аңсарын жырлайды. Бұл — ақынның өз болмысы, өз танымы. Ақынның: «Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауыңызды өтінемін» деуі де сондықтан.
ІІ. Поэзия арқылы танысу
Өлең
«Менің анкетам»
Оқитындар: Қазыбек Төлеген, Мамытбеков Руслан
Жүргізуші сөзі
Ақын: «Мені сөзге, жырға үйреткен, халықты сүюге тәрбиелеген — әжем» дейді. Мұқағали Мақатаев — драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист. Оның «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Аманат» және басқа да көптеген туындылары бар.
ІІІ. Көркемсөз және ән
Өлең
«Мен — дағы өлең жазбаймын»
Нүркиев Төлеген
Өлең
«О, туған ел»
Байтөриева Гүлжайна
Өлең
«Қазақ жері»
Жүргізуші сөзі
«Мұқағали поэзиясы — таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия», — дейді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова. Мұқағали өз жанын жеген мұңын да жыр арқылы жеткізіп: «Жігітінен қазақтың дос таба алмай, қыз да болсам мен саған мұң шағамын» деп Фаризаға арнаған.
Ән
«Фариза қыз»
Орындайтын: Әбіірбек Тінәлиев (үнтаспа)
IV. Ел мен ақын: құндылық туралы жыр
Жүргізуші сөзі
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Осы қарапайым қара өлеңнің өзінде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр. Мұқағали «Елім маған не береді?» деп емес, «Мен еліме не беремін?» деген ұстаныммен өмір сүргендей.
Өлең
«Үш бақытым»
Абдушукурова Айнұр
Өлең
«Елім барда»
Аяпбаев Талғат
V. Отбасы, тәрбие, мейірім
Жүргізуші сөзі
Ана — өмір сыйлаушы, бала — оның бағбаны. Арулар — асыл жар, ер азамат тағдырының серігі әрі тәрбиешісі. Әке мен анаға деген махаббат пен сүйіспеншілік — жырдың алтын арқауы.
Өлең
«Әке»
Кеңесов Айдос
Өлең
«Шеше, сен бақыттысың»
Садықова Толқынай
Өлең
«Қыздарға»
Мамытбеков Руслан
VI. Табиғат пен туған жерге іңкәрлік
Жүргізуші сөзі
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезінен ғашық болып өскендей. Сол әсерін өлеңіне өре білді.
Өлең
«Сүйемін өскен Отаным»
Кадирова Гүлжайна
Өлең
«Қарасазым»
Қазыбек Төлеген
Ән
«Саржайлау»
Орындайтындар: Қожахметова Айғаным, Абдушукурова Айнұр
VII. Махаббат тақырыбы
Жүргізуші сөзі
Әрі ақын, әрі жазушы мәңгілік тақырып — махаббатты айналып өте алмайды. Мұқағали да бұл тақырыпқа молынан қалам тартқан. Соның бір дәлелі — «Махаббат диалогы».
Көрініс/өлең
«Махаббат диалогы»
Дүйсенова Меруерт, Асқарұлы Нұрлан
Өлең
«Махаббат бейуақытта табыспайды»
Алтаева Назым
Ән
«Еңсем менің»
Асқарұлы Нұрлан
VIII. Балалық, әкелік мейірім және ән
Жүргізуші сөзі
Сәбиге деген мейірім, әкелік махаббат, оның уайымсыз өсуі мен ұйқысы бұзылмауы үшін жасалған қам-қарекет — бәрі де жүрекке жақын. Есті бала ата ақылын тыңдап, парасатты болып өседі; үлкеннің алдындағы инабат, ізет пен құрметті сақтайды. Бұл ой келесі тыңдалатын әндерде көрініс табады.
Ән
«Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда»
Ән
«Сәби болғым келеді»
Оқушылар орындайды
Қорытынды
Мұғалімнің сөзі
Мұқағалиды ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын қанатының бір қауырсынын сындырып алып, күйзеледі. Бірақ тынышталудың орнына, бүкіл күш-қайратын биікке жинап, келесі жолы одан да жоғары ұшады.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда оны ешкім.
Ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұрасы ешқашан өлмек емес. «Лай су шаймайтын арым бар, дауылдан қорықпас жаным бар» деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді — халық ақынды сүйді.
Күй