Абайдың ақын ұлы кім

Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:
Бәрін білем – шаланың ісі,
Бәрін білсем – дананың ісі.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге баулу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, тарих, география

Ойынның барысы: Ойын төрт кезеңнен тұрады. 7 - 8 - 9 - сыныптарды араластыра отырып үш топқа бөлеміз. Сол топ арасында оқушылар өз білімдерін көрсетулері керек.
Әр топқа мен алдын ала ат қоямын, сол жерде жеребе тастау арқылы қай топ бірінші бастайды, топтарын таныстырады.

І кезең. Бәйге сұрақтары: Әр топқа он сұрақтан.
І топ. Көсемше тобы.
1. Қазақ (қырғыз) хрестоматиясын кім жазды және қай жылы? (Ы. Алтынсарин. 1879ж.)
2. Көсемше мен есімшенің айырмашылығы неде?
3. Қамбар батыр жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? (Назым)
4. Сын есімнің мағыналық түрлері атаңдар.
5. Менің атым Қожа хикаятының авторы кім?
6. Шақ дегеніміз не, рай дегеніміз не?
7. Абайдың ақын ұлы кім? (Мағауия)
8. Сингорманизм дегеніміз не?
9. Абай Қараңғы түнде тау қалғып өлеңін кімнен аударған? (Лермонтов)
10. Жалғаулық шылаулар неше топқа бөлінеді? (Ыңғайластық мәнді; мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. Қарсылықты; бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да. Талғаулықты немесе кезектес; әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде. Себеп - салдар мәнді; себебі, өйткені, сондықтан т. б.)

ІІ топ. Есімше тобы.
1. Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім?
2. Айқындауыш мүше дегеніміз не және оның түрлері қандай?
3. Абайдың 31 қара сөзінде не туралы айтылған?
4. Сөз тіркесі және оның жасалу жолдарына мысал келтіру арқылы айтыңдар.
5. Мысал дегеніміз не? Қандай мысалды шығармалар білеміз?
6. Сөздер қандай жолдармен жасалады?
7. Жалпы жылқы малына қатысты қандай шығармалар білеміз?
С. Жүнісовтың Ақан сері романы, Қ. Жұмаділов Қозыкүрең т. б.
8. Етіс дегеніміз не? Етіс түрлері мен жасалу жолдарын атаңдар.
9. Градация дегеніміз не? (дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан, соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу)
10. Септеулік шылауларды атаңдар. (арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, дейін, шейін, қарай, таман, салым, жуық, тарта, қатар, қабат, бірге т. б.)



Ұқсас жұмыстар

Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Абайдың бала бейнесі мен қазіргі замандағы бала тәрбиесі
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары
С. Торайғыровтың лирикасы
Абай және қазақ әдебиеті
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН