Жарайды балалар

Кештің барысы

«Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық кештің сценарийі төмендегідей ретпен ұйымдастырылады. Мақсат — балаларға қуаныш сыйлап, ортақ мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

  1. Кешті ашу.
  2. Сұрақ-жауап арқылы сұхбат алу.
  3. Құттықтау сөз: мектеп директоры Р. Рысбаева.
  4. Ата-ана сөзі.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

2-жүргізуші

Бармысыздар, балғын балалар!

Жаңа жылға тілек

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бұл мерекеміз қуаныш пен күлкіге толы болсын.

Міне, 2018 жыл да аяқталып келеді. Қуанышы мен қызығы мол бұл жылдың еншісінде айтулы оқиғалар көп болды. Соның бірі — Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы. (Осы тұста мектеп жетістіктері аталады.)

Өлең шумақтары

Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалас,
Қонақ күтіп жатқандай.

Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы —
Жақсы дәстүр көбейсін.

Көрініс: Жезтырнақтың келуі

Осы кезде залға айғайлап-шулап, желіп-ысқырып Жезтырнақ кіріп келеді.

Жезтырнақ

Е-е-е! Мені шақырмай той жасағалы жатқан қандай батырсыңдар?!

Жоқ, жоқ! Жақсылыққа көнбеймін. Жаңа жылды келтірмеймін!

Мен тұрғанда адамға мереке жоқ бұл ғаламда!

Жүргізуші

Мейірімді сиқыршы, қайдасың? Жезтырнақтың айласын асырмай, мына балаларды құтқар! Аяз ата, қайдасың?

Жезтырнақ

Аяз атаңды алдап, Жаңа жылды жалмап қоямын. Сиқыршыңды да тоқтатамын. Доғар ондай сөзіңді!

Сиқыршы

Ей, Жезтырнақ, айғайды қойсақ қайтеді. Қанша уақыт өтсе де, қаскөйлігіңді қоймадың.

Бүгіннен бастап сен мейірімді Жезтырнақ боласың. Балалармен бірге ойнап, күлесің. Жаңа жылды бізбен бірге күтесің!

(Таяғын сермейді.)

Жезтырнақ (өз-өзіне келген соң)

Мен қайдамын? Мен кімменмін? Мұнда неғып жүрмін?

Балалар

Сен біздің мектептесің. Бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алуға келдің. Жаңа жылды тойлайық!

Музыкалық номер

Қонақтардың құрметіне 3-сынып оқушылары Перизат пен Іңкәр «Жаңа жыл» әнін орындайды.

Ескі жылмен қоштасу

2-жүргізуші

Ал, балалар! Ескі жылдай аға бар. Оны ортаға алайық, қош айтысып қалайық.

Ескі жыл

Өткен жылға ризамыз, өсе түсті бойымыз.

Қандық талай ойға біз, шарықтады ойымыз.

Мен сендермен қоштасқалы келдім. Қош сау болыңдар! Жаңа жылды көңілді өткізіңдер!

Музыкалық номер

Ескі жылдың құрметіне Амангелді Нұрай мен Индира «Бала тілегі» әнін орындайды.

Клоундар және мерекелік би

Клоундар

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сәлеметсіздер ме, балалар?

Алдымен танысайық: менің атым — клоун Сэм, ал мен — клоун Том.

Клоун Сэм

Ал, балалар, сәнді сарай залында, жасыл шырша жанында, келіңдер билейік, ән салайық!

Музыкалық номер

3-сынып оқушысы Перизат «Ертегілер елі» әнін орындайды.

Клоун Том

Сэм, сен билеймін деп бәрін ұмытып кеттің ғой. Шырша мерекесінде негізгі кейіпкерлеріміз жетіспейді.

Қане, балалар, кімдер жетіспейді? (Аяз ата, Ақшақар)

Олар келгенше шыршаны айналып, «Жаңа жыл» әнін орындайық. Ендеше, қатты дауыстап шақырайық! (2–3 рет қайталанады.)

Аяз ата мен Ақшақардың келуі

Аяз ата

Армысыздар, балалар!

Биік-биік таулардан,
Ақбас қарлы шыңдардан,
Әзер жеттік, балалар,
Жаңа жылды тойларға.

Ақшақар

Бармысыздар, балалар!

Ал, кәнеки, балалар, ән мен жырға басайық, той-думанды жалғайық!

Жарқыраған шырағы —
Шыршамызда нұрланды.
Бақытты жас балалар,
Айтады шат жыр-әнді.

Жаңа жылда сайланып,
Шыршамызды айналып,
Би билейік, ән салып,
Баршамызға жар салып!

Өнер көрсету

Аяз ата мен Ақшақардың құрметіне Ерназардың өнерін тамашалаңыздар.

Ойын бөлімі

Ақшақар: «Том, Сэм, балаларға арналған ойынымыз бар. Қане, ойнап көрейік!» (Ойынның шарты түсіндіріледі.)

Оқиға шиеленісі: Қарақшылар

Осы кезде қарақшылар келіп, балаларды қорқытып, сыйлық дорбасын алып кетеді.

Қарақшылар

1-қарақшы: О, мұнда жаңа жылды қарсы алып жатыр екен ғой!

2-қарақшы: Шыршаларың қандай әдемі! Неткен ғажап безендіргенсіңдер!

(Қорқыту әрекеті көрсетіледі.)

1-қарақшы: Біз әлемге әйгілі қарақшылармыз. Ешкімнен қорықпаймыз. Бізге керегі — байлық!

Клоундар мен Аяз ата

Сэм: Бұларды кім шақырды? Том, сен шақырдың ба?

Том: Жоқ, мен шақырған жоқпын.

Аяз ата: Мен де шақырған жоқпын.

Сэм: Сендер кімсіңдер? Түрлерің неге суық?

Сэм: Сендердей қарақшыларға бізде орын жоқ. Кетіңдер!

Аяз ата: Жарайды, дау-дамайға бармайық. Бүгін — көңілді шырша тойы. Балалардың өнерін тамашалайық.

(Осы кезде қарақшылар сыйлық дорбасын алып кетеді.)

Сыйлықтың жоғалуы

Аяз ата: Ойбай, ойбай! Сыйлық қайда, қызым? Балаларға ұят болды-ау...

Ақшақар: Аяз ата, Том, Сэм — сыйлықты қарақшылар ұрлап кетіпті!

Клоун Том: Аяз ата, сіз балалардың өнерін тамашалай тұрыңыз. Біз қарақшыларды ұстап әкелейік. Балалар сыйлықсыз қалмасын.

Шарт және күш сынасу

(Қарақшылар ұсталып әкелінеді. Сыйлықты тығып қойғаны анықталады.)

Қарақшылар: Сыйлықты оңайлықпен қайтармаймыз. Шартымыз бар.

Аяз ата: Қандай шарт?

Қарақшылар: Бізбен бірге күш сынасасыңдар. Арқан тартайық! Біз жеңсек — сыйлық бізде қалады, сендер жеңсеңдер — сыйлықты қайтарамыз.

Аяз ата: Не істейміз, балалар? Ойнаймыз ба?

Нәтиже: балалар жеңіп, қарақшылар сыйлықты қайтаруға келіседі.

Өнер бөлімі

Балалар ұлттық би билейді. Тамашалаңыздар.

Жаңа жылды қарсы алу

Аяз ата

Ал, балалар, өткен жылға өкпеміз жоқ. Ортамызға Жаңа жылды шақырайық!

Жаңа жыл

Уа, құрметті оқушылар мен қадірлі қонақтар! Мен — Жаңа жылмын.

Баршаға бақ-береке болып келемін. Өтіп бара жатқан жылдың өркені өссін, келер жыл табысты болсын.

Жылдардың арқауы үзілмесін. Жаңа жыл — жаңа бақыт әкелсін!

Музыкалық номер

Жаңа жылдың құрметіне Шұғыла мен Жанбота қазақ биін билейді.

Қоштасу және қорытынды

Аяз ата

Балалар, сендермен бірге ойнап-күліп, әбден сергіп қалдым.

Ақшақар екеумізге бір жерде көп аялдауға болмайды. Бізді жолға шығарып салыңдар.

Келесі Жаңа жылға дейін қош сау болыңдар!

Жүргізушілердің қорытынды сөзі

1-жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз!
Ол келген соң терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз,
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

2-жүргізуші: Кезекпенен келеді жылдар легі,
Бұл көпшілік ықыласпен тыңдар мені.
Бұл жиынның шырайы — сіздер үшін,
Естілсін сазды әуеннің әсем лебі.

Финал

Кеш бимен қорытындыланады.

Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Төлегенова Гүлайым.