Қасым Аманжолов Туған жер

Сабақтың мазмұны

Тақырыбы

«Сүйемін, өскен Отаным»

Негізгі бағыт

«Туған өлкем — тұғырым» тарауы аясында Отан тақырыбындағы қазақ поэзиясы.

Мақсаты

Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік, аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен таныстыру.

Міндеттері

  • Мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын дамыту.
  • Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
  • Өз еліне, туған Отанына сүйіспеншілікке баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Болжау
  • Бес жолды өлең
  • Венн диаграммасы

Күтілетін нәтиже

  • Автор туралы түсінік қалыптастырады.
  • Отан ұғымын тереңірек түсінеді.
  • Тіл байлығы артады.
  • Өзін-өзі реттеу дағдысы дамиды.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері».

Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау — сәніміз. Сәлем бердік сіздерге, Басымызды иіп бәріміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқыту.
  • Қ. Аманжоловтың өмірбаянын сұрау.
  • Хронологиялық кестемен жұмыс.

Қ. Аманжолов — Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі.

III. Жаңа сабақ

а) Мақсат қою

  • Бүгін Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен танысамыз.
  • Сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді.
  • Қима қағаз арқылы топқа бөліну: бір суретті 5 бөлікке бөліп, құрастыру (5 минут).
  • Топ атауын, ұранын жазу; топ басшысын сайлау.
  • Топтардың қатарын анықтау, бірдей қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету.

Топ ұстанымы (алтын ереже)

Белсенді қатысу

Топтық жұмысқа ынтамен араласу.

Тыңдай білу

Өзгенің пікірін сыйлап тыңдау.

Ашық ой

Өз ойын нақты әрі еркін білдіру.

Әділдік

Шынайы бағалау, адал әрі ұйымшыл болу.

ә) Қызығушылықты ояту (кіріспе)

Сабақты ББҰ кестесін (Білемін — Білгім келеді — Үйрендім) толтырудан бастаймыз. Оқушыларға орындары ауыстырылған нақыл сөздер беріліп, жаңа тақырыпты анықтайды.

Нақыл сөздер

  1. Отан — оттан да ыстық.
  2. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  4. Отан үшін отқа түс — күймейсің.

Сұрақ: Бұл мақал-мәтелдер не туралы? Жауап: Отан туралы.

Осылайша, «Туған өлкем — тұғырым» тарауындағы Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңіне тоқталамыз.

б) Мағынаны тану

Автор туралы қысқаша мәлімет беріледі; негізгі ой мәтінді оқи отырып ашылады (хронологиялық кесте арқылы: туған жері, өмірі, шығармашылығы, мамандығы, туған жылы).

Тыңдалым: Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасынан үзінді.

  • Автор туралы не білдіңіз?
  • Қандай ой түйдіңіз?

Өлеңмен жұмыс: «Болжау» тәсілі

  • Өлең 4 топқа бөлініп, үзіліспен оқылады.
  • Әр топ 2 шумақтан мәнерлеп оқиды.
  • Оқып болған соң сұрақтарға жауап береді.

Талқылау сұрақтары: Өлеңнен нені түсіндік? Қандай ой туды? Негізгі ой қандай?

Негізгі идея: туған Отанды және оның сұлу табиғатын жырлау.

Сергіту сәті (қысқа белсенділік).

I. Топтық тапсырмалар

1-топ

«Үлгілік ағашқа» өлең бойынша ақынның нені сүйетінін жазу.

2-топ

Мұқағали Мақатаев пен Қасым Аманжолов өлеңдерінің соңғы жолдарындағы ұқсастықты табу, ұқсас жолдарды жазу.

Қ. Аманжолов: «Сен де аямай бердің маған барыңды, мен де аямай барым саған беремін».

М. Мақатаев: «Қарыздармын, сондықтан беремін талай жырымды».

3-топ

Көркем шығармалар сызбасын құру:

  • Поэзия — өлеңмен жазылады.
  • Проза — қарасөзбен жазылады (әңгіме, повесть, роман).

4-топ

«Отан» сөзіне ассоциация құру.

IV. Қорытынды

ББҰ кестесінің «Үйрендім» бөлігін толтыру.

V. Рефлексия

  • «Сабақта қандай сезімде болдым?» — стикерге жазып, тақтаға жапсыру.
  • 2–3 оқушының ауызша рефлексиясы.
  • Топ басшыларының қорытынды сөзі.

VI. Үй тапсырмасы

I топ

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына кітапша жасау.

II топ

  • «Туған жер» тақырыбына сурет салу.

III топ

  • «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.

IV топ

  • Отан туралы мақал-мәтелдер жинастыру.

VII. Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі: оқушылар өздеріне ұнаған екі сәтті атап, бір ұсыныс білдіреді.