Топ басшылары алақанның ортасына жазсын
Сабақтың тақырыбы
8-сынып геометрия пәні бойынша ашық сабақ: «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қолдану және оларды есептер шығаруда тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру; тақырып бойынша білімді тереңдету.
Дамытушылық
Үшбұрыштың ауданын есептеу және оның элементтерін табуға арналған есептерді шығару біліктілігін дамыту; шығармашылық ізденіс пен ойлау икемділігін арттыру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; қиындықты жеңе білуге, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа және білімге жауапкершілікпен қарауға баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Қайталау, жинақтау, есептер шығару.
Сабақтың әдістері
Топтық және жеке жұмыстар, ойын элементтері, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың түрі
Қайталау, пысықтау.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, үлестірмелі парақшалар.
Сабақ құрылымы
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй жұмысын тексеру
- III «Сый табақ»
- IV «Абажур» стратегиясы
- V «Шашылған ережелерді жинақтау»
- VI Сергіту сәті: «Домино»
- VII Оқулықпен жұмыс
- VIII Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма
- IX Қорытынды
Сабақ барысы
I. Мотивациялық кезең
Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру. Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын топтарға бөлу:
- I топ: тікбұрышты үшбұрыш
- II топ: теңбүйірлі үшбұрыш
- III топ: теңқабырғалы үшбұрыш
Мұғалімнің нұсқауы
Әр оқушы алақан бейнесінің әр саусағына өз тобындағы оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, қысқа тілек жазады. Топ басшылары алақанның ортасына ортақ тілекті жазып, сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастаймыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№272 есеп
Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері: a = 1,6 см, b = 4,5 см. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.