Морфологиялық талдау

Сабақтың тақырыбы

Үстеуден өткенді қайталау (презентация түрінде).

Мақсаты (білімділік)

Үстеу туралы алған білімдерін пысықтау және толықтыру.

Мақсаты (дамытушылық)

Түрлі әдістер арқылы оқушылардың тапқырлығын, жылдамдығын, есте сақтау қабілетін арттыру; сөйлеу тілін жетілдіру және сауатты жазуға дағдыландыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге баулу; тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Сын тұрғысынан ойлау және басқа әдістер

Сабақтың түрі және көрнекілігі

Түрі

Білімді жүйелеу, жинақтау, іздену, қайталау.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып тазалығын бақылау
  • Оқушылардың қатысуын тексеру
  • Оқу құралдарын дайындату

2) Үй тапсырмасын пысықтау

  • Топтастыру әдісі
  • Берілген тапсырмаларды тексеру
  • Ауызша сұрақ-жауап арқылы сұрау

3) Негізгі кезең

  1. 1«Бой сергіту» (топпен жұмыс)
  2. 2«Мағынаны ажырату» (жеке жұмыс)
  3. 3«Сиқырлы сандық» (жеке жұмыс)
  4. 4«Жұмбақтас» (жеке жұмыс)
  5. 5«Көсемдікке ұмтылу» (жеке жұмыс)

Сабақты бекіту

«INSERT» стратегиясы арқылы материалды қорытындылау.

Қорытынды және бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақтың нәтижесі жинақталады.

Топтастыру стратегиясы: «Үстеу»

Негізгі сұрақтар

  • Үстеу дегеніміз не?
  • Сөз таптары дегеніміз не?
  • Морфология ұғымы

Үстеудің түрлері

Мезгіл үстеуі

Уақытқа қатысты қимылдың мезгілін білдіреді.

Мекен үстеуі

Қимылдың орнын, бағытын білдіреді.

Мөлшер үстеуі

соншалық біраз әдейі неғұрлым

Мағыналық топтар және үлгілер

Мақсат үстеуі

бекерге жорта қасақана әдейілеп

Себеп-салдар үстеуі

бекерге текке әзер амалсыздан

Сын-қимыл үстеуі

нағыз жылдам шапшаң зорға

Күшейткіш үстеу

Мағынаны күшейтіп, реңк үстейді.

Туынды үстеу

Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды атау тапсырмасы беріледі.

Қосымша айдарлар

Мағынаны ажырату Деңгейлік тапсырмалар Талдау түрлері «Білгенге маржан» Сандарға ұйқас табу

Топтық тапсырмалар: талдау үлгілері

«Болашақ» тобы

Синтаксистік талдау

Олар таң атқалы аттан түспеді.

«Ұлан» тобы

Морфологиялық талдау

Ол кешегі шыны ыдысын шынымен жоғалтып алыпты.

«Дарын» тобы

Математикалық тәсілмен фонетикалық талдау

Қыс бойы малшылар шөп болмай қысылып шықты.

Шығармашылық тапсырма

Құрамындағы сөздердің барлығы бір әріптен басталатын сөйлем құрастыру.

«Сиқырлы сандық»: мезгілге қатысты тіркестер

Шай қайнатым уақыт

Сүт пісірім уақыт

Қан сонарда

Аяқ астынан

Қас пен көздің арасы

Қас қараю

Төбеге жай түскендей

Қас қағым сәт

Түс ауа

Түн ауа

Тал түс

Түстен кейін

«Жұмбақтас»: ой қозғау тапсырмалары

Жұмбақтар

  • Тұрса жарға жабысып,
    Жазылмайды құшағы.
    Жемтік іздеп жарысып,
    Түнде ғана ұшады.
  • Мойны ұзын болғанмен,
    Әрең жетер төменге.
    Теңбіл-теңбіл денесі,
    Келеді не дегенге?
  • Екі тышқан бірлесі,
    Кесіп-пішіп береді.
    Екеуі бірге жүрмесе,
    Жоқ қой бізге керегі.
  • Таңертең төрт аяқты,
    Түсте екі аяқты,
    Кешке үш аяқты.

Айтылым тапсырмалары

Жаңылтпаш

Құрамында үстеуі бар жаңылтпаш айту.

Мақал-мәтел

Құрамында үстеуі бар мақал-мәтел айту.

Венн диаграммасы

«Шылау» мен «Үстеуді» салыстыру.

Сабақты бекіту: мәтіннен үстеулерді табу

Төмендегі үзіндіден үстеулерді тауып, олардың мағыналық түрін анықтаңыз.

Мәтін (М. Әуезов)

Абай осыдан бірталай, ұзақ ауырды. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Жайлау биыл ерте көктеді. Абай енді ғана таныды.

Өзінің кенет өзгергенінен Абай қысылып қалды. Абай бұл түнде де ұйықтамады. Абай мен Ұлжан таң аппақ атқанша үн қатқан жоқ.

Осы таңертең де Қарашоқыдағы, Шыңғыстағы көп туысқан да кеп кетті. Ерболдың қолы бос, жай ауыл қыдырып жүр екен. Абайға мейілінше көңілденіп ерді.

Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Қараша лезде тұрып, үндеместен жүріп кетті.

Үй сыртына бірнеше атты кісі дүбірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр. Абай Майбасардың үп-үлкен басымен балаша қылжақтап отырғанына қызығып күле бастады.

Үй іші жым-жырт боп тыңдаған екен.

Үй тапсырмасы

Жазылым

Көркем шығармадан үш сөйлем жазып, морфологиялық және синтаксистік сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Жаттау

Құрамында үстеуі бар мақал-мәтелдерді жаттаңыз.