Қазір сендер қандай қақпа тұрғызасыңдар, оны кубиктерден құрастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жалпы мәлімет
- Білімдік аймағы
- Таным
- Бөлімі
- Құрастыру сабағы
- Тақырыбы
- Қақпа құрастыру
Мақсаттар
Білімдік
Балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру дағдыларын дамыту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту арқылы қақпа құрастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік
Балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек етіп, нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Мотивациялық-оятушылық
Шаттық шеңбері (№27)
Тәрбиешінің әрекеті
Өлең жолдарын айтады:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертеңмен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Баланың әрекеті
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Түсіндіру, көрсету, құрастыру және ойын.
-
1) Қақпа туралы түсіндіру
Тәрбиеші қақпаның суретін көрсетіп, балаларға оның не үшін қажет екенін түсіндіреді. Балалар серуен кезінде көрген қақпаларын еске түсіреді: қақпа өте үлкен болуы мүмкін, одан балалар да, ересектер де, тіпті машиналар да аулаға кіре алатынын айтады.
Нұсқау:
- Кубикті кубиктің үстіне түзу етіп қоямыз.
- Үстіңгі жағына кірпішті орналастырамыз.
- Қақпа әдемі әрі берік болуы үшін бөліктері қисаймай, түзу тұруы керек.
-
2) Материалдармен таныстыру
Тәрбиеші үш үлкен кірпішті жеке-жеке көрсетіп, олардың пішіні мен түсі туралы сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, машина өтетіндей қақпа құрастыру керегін айтады.
Балалар құрастырып болған соң, қақпаны ойнатып көреді және өздеріне ұнайтын элементтермен құрылысын толықтыра алады.
-
3) Жұмыс барысын кезең-кезеңімен көрсету
1-қадам
Екі кірпішті тігінен қоямыз.
2-қадам
Үстін үшінші кірпішпен жабамыз.
3-қадам
Қақпадан ойыншық машинаны ары-бері өткізіп көреміз.
Тәрбиеші үлгі көрсеткеннен кейін балалар өздері де сондай қақпа жасап, машинаны өткізіп ойнауға қызығушылық танытады. Балаларға көмекті бірден ұсынбай, өз бетінше орындауына мүмкіндік беру маңызды.
-
4) «Қақпа құрастыру» ойыны
Балаларға жеке жұмысқа арналған дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады. Әр бала өз қақпасын құрастырады.
-
5) Қорытындылау және бекіту
Балалар бірнеше рет қайта құрастырып, үлгіге қарап, соңында қақпаны өз бетімен жасап шығады. Қиналған балаларға тәрбиеші қажет кезінде көмектеседі.
Ескерту:
Егер балалар машиналармен құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе, тәрбиеші ойынды кеңейтіп, тапсырманы толықтыра алады. Ойын балалар толық меңгергенше жалғастырылғаны дұрыс.
Ойын барысында қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады.
Рефлексивтік-түзетушілік
Сабақты қорытындылау және мадақтау.
Қорытынды
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қорытындыланады.
- Белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Күтілетін нәтиже
Нені білуі керек
Құрылыс материалдарымен қауіпсіз әрі ұқыпты жұмыс істеуді біледі.
Нені игереді
Кубик пен кірпішті қақпа пішінінде дұрыс орналастыруды меңгереді.
Нені меңгереді (дағды)
Ұйымшылдықпен жұмыс істеп, бірлескен әрекет нәтижесіне жете алады.