Функцияның қасиеттерін ата

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері (Property of trigonometrical functions and their graphs).

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Негізгі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгерту; қарапайым түрлендірулер арқылы тригонометриялық функциялардың графиктерін салуға үйрету.

  • Дамытушылық

    Жаңа тақырыпқа қатысты білім, білік және дағдыларды практикада қолдануға үйрету; шығармашылық әрекетті және ізденімпаздықты дамыту.

  • Тәрбиелік

    Еңбексүйгіштік пен ұқыптылықты қалыптастыру; өзіндік пікірін жан-жақты әрі дәлелді жеткізе білуге тәрбиелеу; өзін-өзі жетелеу және басқару дағдыларын дамыту; қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде сөйлеуге баулу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді үш тұғырлы тілде меңгерту.
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс; оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Көрнекілігі
Тірек сызбалар, интерактивті тақта, активойд, постер, маркер.

Сабақ құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Organizational moment

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    Let’s check your homework

  3. III

    Ой қозғау (пысықтау)

    Warm up

  4. IV

    Жаңа сабақ

    New theme

  5. V

    Сабақты бекіту

    Conclusion

  6. VI

    Қорытындылау, бағалау

    Summing up, marking

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен ағылшын тілінде амандасу.
  • Сыныпты үш түрлі түсті таңдау арқылы 3 топқа бөлу.
  • Психолог маман әр түстің психологиялық сипаттамасын қысқаша түсіндіреді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • №79 (а, ә) тапсырмалары.
  • «Тригонометриялық функциялар» тақырыбында шығармашылық жұмыстар: реферат, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақтар.
  • Үлестірмелі карточкалар дайындау.

III. Ой қозғау (пысықтау)

Әдіс: «Кубизм»

Сұрақ 1

Функция дегеніміз не? Анықтамасын айтыңыз.

Сұрақ 2

Функцияның қасиеттерін атаңыз: жұп, тақ, периодты/периодсыз, шектелген, өспелі/кемімелі, max және min нүктелері.

Сұрақ 3

Интерактивті тақтадағы графикті талдау арқылы функцияны зерттеу алгоритмін атаңыз. Ол не үшін қажет?

Сұрақ 4

Тригонометриялық функцияларды атаңыз және анықтамасын беріңіз (геометриялық және алгебралық). Тақтадағы суреттерді пайдаланыңыз.

Осы мәліметтерді негізге ала отырып, жаңа тақырыпқа көшеміз.

IV. Жаңа сабақ (New theme)

Тақырып тақтаға жазылады. Әр топқа постер мен маркерлер таратылады.

Әр топ 3 функцияның ішінен өзіне ұнағанын таңдап, постер дайындайды. Дайын болған соң бір оқушы шығып қорғайды.

Қалған топтар сұрақ қою арқылы тақырыпты нақтылап, қорытындылайды.

I топ

y = sin α

Негізгі қасиеттері мен графигін талдау.

II топ

y = cos α

Негізгі қасиеттері мен графигін талдау.

III топ

y = tg α

Негізгі қасиеттері мен графигін талдау.

V–VI. Бекіту, қорытындылау және бағалау

  • Топтық сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.
  • Қысқаша қорытынды жасап, оқушылардың жұмысын бағалау.