Қар мен мұз өте кір
Білім беру саласы және мақсаты
Бағыты
- Білім беру саласы: Таным
- Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
- Тақырыбы: Су мен ауа
Мақсаты
- Балаларды су мен ауамен жан-жақты таныстыру.
- Табиғат құбылыстары туралы түсіндіру.
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Іскерліктерін дамыту, ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
- Суды үнемдеуге және қауіпсіздікке баулу.
Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы – су,
Су деген осы.
«Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар».
Ізденіс ұйымдастырушы: әңгіме және жұмбақ
Сұрақ-жауап
- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нелерді байқайсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар: күн, су, ауа бізге керек пе?
- Осының барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? (Табиғат)
Жұмбақтар
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: су.
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағың тең болмайды.
Жауабы: ауа.
Негізгі ұғымдар
- Су — мөлдір, түссіз, сұйық; тұрмыста және табиғатта өте қажет.
- Су өзгеріске ұшырайды: буға айналады, қайтадан жаңбыр болып жауады, мұз болып қатады.
- Су отты өшіреді және барлық тіршілік иесіне қажет.
- Ауа — көзге көрінбейді, қолға ұстатпайды, бірақ тыныс алу үшін міндетті.
Тәжірибе жұмыстары: су
Мөлдірлік тәжірибесі
- Суды шыны ыдысқа құямыз.
- Суға қасықты саламыз: қасық анық көрінеді.
- Суға бояу қосамыз: су боялғаннан кейін қасық бұрынғыдай анық көрінбеуі мүмкін.
Қорытынды: су — мөлдір, бірақ оған зат қосылса, қасиеті өзгеруі мүмкін.
Сұйықтық қасиеті
Су құйылады, яғни ол сұйық. Сондықтан суды үнемдеп пайдалану керек: суды барлық тіршілік иелері қажет етеді.
Қар мен мұзға тәжірибе
1-тәжірибе
Қарды алақанға салып ұстаймыз. Біраздан соң ерігенін байқаймыз.
Қорытынды: қар — судың қатты күйі, жылудан еріп суға айналады.
2-тәжірибе
Еріген қар суын стақанға құйып, тұндырамыз.
Ескерту: қарды жеуге болмайды — қар мен мұздың құрамында кір болуы мүмкін.
3-тәжірибе
Бір стақанға сүт, екінші стақанға су құйып, екеуіне де қасық саламыз. Қайсысы мөлдір екенін салыстырамыз.
Қорытынды: су мөлдір.
Түйін: қар, мұз, жаңбыр — барлығы да судың әртүрлі күйі.
Тәжірибе жұмыстары: ауа
1) Демнің белгісі
Алақанды ауыздың қасына апарып, алақанға демалаймыз. Алақан жылығанын сеземіз.
Қорытынды: біз ауа арқылы дем аламыз.
2) Ауаның қажеттілігі
Ауыз бен мұрынды жауып, дем алмай аз ғана уақыт шыдаймыз. Бұл өте қиын екенін байқаймыз.
Қорытынды: ауасыз өмір сүре алмаймыз.
3) Шар үрлеу
Шарды үрлейміз: ауа шардың ішін толтырып, оны үлкейтеді.
Қорытынды: ауа көрінбейді, бірақ бар екенін әсері арқылы білеміз.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық.
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық.
Оңға бір, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық.
Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында»
Шарты
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топқа бір-бірден А4 қағазы және түрлі түсті қима суреттер беріледі. Балалар суреттерді пайдаланып, өз қалаулары бойынша композиция құрастырады. Дайын болған жұмысты суретке қарап әңгімелеп береді.
Мақсат: табиғат нысандарын тану, ойды жүйелеу, сөйлеу дағдысын дамыту.
Ой қозғау
Су туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта не туралы айтылды?
- Судың түсі қандай?
- Ауа көзге көріне ме?
- Ауа қолға ұстала ма?
Мәлімет
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, «Балбөбек» бөбекжайы
Жұмагулова Гүлжан Базарбаевна