Мұхтар ШахановБіз, қазақтың екі ақыны, біргеміз(Олжас Сүлейменовке)Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз, Түрлі сыпсың сөздерден де, Ызғар шашқан көздерден де, Заман мен заң өзгергенде, Бүлінген жоқ іргеміз

Мұхтар Шаханов

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
(Олжас Сүлейменовке)

Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз,
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде,
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен,
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да,
Ал сен туған мекеніне терең тамыр жайдың да,
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге,
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң - зарына болысып,
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!



Ұқсас жұмыстар

Шығыстың Шахановы
Желтоқсан тарихы (оқу - әдістемелік құрал)
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Олжас Сүлейменов
Сабит Мұқанов туралы
Моноұлттық мемлекет құру
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Өлең сөздің патшасы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi