Есепті теңдеу құру арқылы шығарудың басқа тәсілдерден ерекшелігіне оқушылардың көзін жеткізу
Тақырыбы
Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты
- Есепті теңдеу құру арқылы шығарудың басқа тәсілдерден айырмашылығын оқушыларға нақты түсіндіру.
- Есеп шығаруға және амалдарды дұрыс орындауға дағдыландыру.
- Таза, көркем жазуға баулу арқылы эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың әдістері
- Теңдеу құрып шығару
- Кесте толтыру
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік
«Жеті қазына» тақырыбындағы суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық
Математика сырына ойымызды жүйелейміз.
Алған білімімізді түйіндейміз.
Әр нәрсенің жауабы мен есептің
Шешімін тауып күлімдейміз.
II. Жаңа сабақ
Бүгін өрнектерді орындау арқылы халқымыздың «Жеті қазынасымен» танысамыз. Қазақ халқында «жеті» саны қасиетті саналады. «Жеті қазына» — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырған.
Тапсырмалар: «Жеті қазына» арқылы бекіту
I қазына: Жүйрік ат
Тіктөртбұрыш және периметр
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Ендеше жүйрік аттың тапсырмаларын орындаймыз.
Негізгі сұрақтар
- Тіктөртбұрыштың қасиеті қандай?
- Қарама-қарсы қабырғалары тең болады.
- Периметр дегеніміз не?
- Төрт қабырғасының қосындысы.
- Периметр формуласы қалай айтылады?
- Ені мен ұзындығының қосындысын 2-ге көбейтеміз.
- Периметрдің жартысын қалай табамыз?
- Ені мен ұзындығын қосып, 2-ге көбейтеміз де, нәтижені 2-ге бөлеміз.
- Периметрдің өлшем бірліктері
- см, м.
№1 тапсырма (периметр)
Берілгені: тіктөртбұрыштың қабырғалары x және 7.
Шешуі
- P = x + 7 + x + 7
- P = (x + 7) · 2
II қазына: Қыран бүркіт
Есепті теңдеу құру арқылы шығару (№3)
Қыран бүркіт — ер жігіттің қуаты. Осы бөлімде есепті теңдеу құру арқылы шығару тәсілін қолданамыз.
Есептің мазмұны
- Есеп тауық пен балапан туралы.
- Тауық санын x деп белгілейміз.
- Балапан саны — 12.
- Тауық саны 3 есе артса: x · 3.
- Балапан саны 2 есе кемісе: 12 : 2.
- «Бірдей» дегеніміз — тең.
№3 тапсырма (теңдеу құру)
Теңдеу
x · 3 = 12 : 2
Жай теңдеуге келтіру
x · 3 = 6
Бұл теңдеуде бірінші көбейткіш белгісіз.
Шешуі
- x = 6 : 3
- x = 2
- Тексеру: 2 · 3 = 12 : 2 → 6 = 6
Жауабы: аулада 2 тауық болды.
III қазына: Құмай тазы
Мәтінді есеп (№4)
Құмай тазы — ер жігіттің абыройын асыратын, сенімді серігі. Енді 4-тапсырманы орындаймыз.
Есептің шарты
- Есеп мұзайдын туралы.
- Аулада тұратын бала саны — 8.
- Мектептен келген бала саны — x.
- Барлығы екі топқа бөлінген: әр топта 6 баладан, яғни 6 · 2.
№4 тапсырма (теңдеу)
Теңдеу құру
8 + x = 6 · 2
Шешуі
- 8 + x = 12
- x = 12 − 8
- x = 4
- Тексеру: 8 + 4 = 6 · 2 → 12 = 12
Жауабы: мектептен мұзайдынға 4 бала келді.