Шеңбердің ұзындығы. Сабақтың мақсаты

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Қатынастар және пропорциялар, 6.1А бөлімі

Сабақтың тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы

Оқу мақсаттары

  • 6.3.3.2 — шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу.
  • 6.3.3.3 — шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Шеңбер ұзындығының формуласын қолданып есептер шығара алады.
  • Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Шеңбер ұзындығының формуласын қолданып есептер шығарады.

Кейбір оқушылар

Шеңбер ұзындығының формуласы бойынша кері есептер құрастырып, шығара алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру сәті

2 минут

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Күлегеш смайлигі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу

«Адасқан әріптер» тәсілі арқылы оқушыларды топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар «Ақылды үшбұрыш» әдісімен үй тапсырмасын тексереді: тақтаға үш оқушы шығып, өзара сұрақ қояды және жауап береді, ал қалған оқушылар бағалайды.

Бағалау

Қалған оқушылар тақтадағы оқушылардың жауаптарын бағалайды.

Сабақтың ортасы

13 минут

Тақырыпқа кіріспе

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және күтілетін нәтижелерімен таныстыру. Түсіндіру және сипаттау тәсілдері, сондай-ақ саралаудың «дереккөздер» түрі қолданылады.

1) «Стикердегі диалог» әдісі

8 минут

Тапсырма

Жаңа сабақты түсіну барысында: себебін түсіндіріп жазыңдар және бір-біріңе түсіндіріңдер. Оқушылар «Шеңбердің ұзындығы» тақырыбын өзара талқылап, өздері ашады.

  • Топтар сағат тілі бағытымен келесі топқа ауысады.
  • Алдыңғы топтың жазған тапсырмасын, салған сызбасын және ұсыныстарын қарап, өз топтарының түсіне сәйкес стикерге пікір қалдырады.
  • Келесі топқа ауысып, әрекетті қайталайды. Бұл кезеңде әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады.

Бағалау (ым-ишара арқылы)

  1. 1. Жалғастыруға дайынмын.
  2. 2. Бір нәрсені түсіндік, бірақ бәрін емес.
  3. 3. Түсінбедік, қайта қарау керек.

2) Жаңа білімді меңгеру

5 минут

Жаңа тақырып бойынша қысқа бейнематериал көрсетіледі, содан кейін формулаларды қолдануға арналған есептер орындалады.

1-есеп

Диаметрі 2 м шеңбердің ұзындығын табыңдар.

Шешуі

C = πD

C = 3,14 × 2 = 6,28 м

Жауабы: 6,28 м

2-есеп

Радиусы 10 м шеңбердің ұзындығын табыңдар.

Шешуі

C = 2πR

C = 2 × 3,14 × 10 = 62,8 м

Жауабы: 62,8 м