Сәулелерді көрсет
Сабақтың мақсат-міндеттері
Бұл сабақта оқушылар жаңа геометриялық фигура — бұрыш ұғымымен танысады, бұрыштарды дұрыс белгілеуді және оларды өзара салыстыруды үйренеді. Сүйір, доғал, тік және жазыңқы бұрыштарды ажырата білу дағдылары қалыптасады, сондай-ақ бұрыштың биссектрисасы ұғымы енгізіледі. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс қолдану арқылы есте сақтау, логикалық ойлау, талдау қабілеттері дамытылады. Оқушылар өз ойын жинақтап, нақты жеткізуге, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз бетінше және топпен жұмыс істеуге тәрбиеленеді.
Ақпараттық
Бұрыш ұғымын енгізу, белгілену ережелерін меңгерту, бұрыш түрлерін ажырату.
Коммуникативтік
Тақырып бойынша сұрақтарға дәл жауап беру, ойды жүйелі түрде жеткізу, топта талқылау.
Проблемалық
Ережелерді есептерде қолдану, салыстыру және талдау арқылы дұрыс қорытынды жасау.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, ой толғау
- Көрнекіліктер
- Мультимедиялық проектор, презентация, үлестірме карточка
- Оқыту құралдары
- Оқулық, тақта
- Пәнаралық байланыс
- Сызу, геометрия, психология, педагогика
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныптың тазалығын қадағалау.
- Сыныпта жоқ оқушыларды түгелдеу.
II. Үй жұмысын тексеру (6 минут)
№198
Тігін шеберханасында 90 м-ден 13 бөлік және 80 м-ден 11 бөлік материал бар. 1440 м материал қолданылғаннан кейін қанша метр материал қалады?
Шешуі:
90·13 + 80·11 = 2050
2050 − 1440 = 610
Жауабы: 610 м материал қалады.
№199
Үш санның қосындысы 240-қа тең. Бірінші сан екінші саннан 2 есе артық, ал үшінші сан бірінші және екінші сандардың қосындысынан 3 есе артық. Берілген сандарды табыңдар.
Шешуі:
2x + x + 3(2x + x) = 240
2x + x + 6x + 3x = 240
12x = 240
x = 20 (II сан)
I сан: 2x = 40
III сан: 3(2x + x) = 180
III. Жаңа материалды меңгерту (18 минут)
Оқушыларға тақтадағы суреттер арқылы бұрыннан таныс геометриялық нысандар еске түсіріледі, содан кейін жаңа ұғым — бұрыш енгізіледі.
- Тақтадағы суреттерден қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар? (түзу, сәуле, кесінді, нүкте, шеңбер)
- Кесінділерді атаңдар. (AK, CB)
- Түзулерді атаңдар. (FN, ED)
- Сәулелерді көрсетіңдер. (RP, OK, OS, ZD)
- Шеңберді көрсетіңдер.
- Бір нүктеден шығатын екі сәулені көрсетіңдер. Осыдан бұрыш ұғымына келеміз.
Үлестірме карточка: «Сенемін — сенбеймін»
Оқушыларға карточка таратылады. Сабақ соңына дейін тұжырымдарды белгілеп, қандай қорытынды жасағандарын айтады.
-
1. Бұрыш — геометриялық фигура.
-
2. Бұрыш екі қиылысатын түзуден тұрады.
-
3. Бұрыш бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұрады.
-
4. Тең бұрыштар — қабырғалары (сәулелері) сәйкес келетін, өлшемдері бірдей бұрыштар.
-
5. Тік бұрыш бар.
-
6. Бұрыштардың түрлері: тік, сүйір, доғал және жазыңқы.
-
7. Бұрыш «жіңішке» болуы мүмкін.
-
8. Доғал бұрыш — 90°-қа тең бұрыш.
-
9. Сүйір бұрыш — 90°-тан кіші бұрыш.
-
10. Биссектриса — үш қабырғасы бар бұрыш.
Негізгі анықтама және белгілеу
Бұрыш — бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұратын геометриялық фигура.
Әдетте бұрыш үш әріппен белгіленеді. Бұл жағдайда бұрыштың төбесі көрсетілген әріп ортада жазылады.
Мысал:
∠AOB, ∠BOA немесе ∠O
Бұл жазулар бір бұрышты білдіруі мүмкін (сызбадағы белгілеуге байланысты).
Бұрыштар тік, сүйір, доғал және жазыңқы болып бөлінеді.