Сабақтың түрөзгерістері
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырыбы
Сабақтың түрөзгерістері
Типі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Суреттер, сызбалар
Пәнаралық байланыс
География
Негізгі идея
Сабақтың түрөзгерістерін ажырату және олардың қызметін түсіну
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға сабақтың түрөзгерістері және олардың түрлері туралы толық әрі жүйелі түсінік беру.
Тәрбиелік
Тақырыпты меңгерту арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Пәнге қатысты қызығушылықты арттыру, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Түгендеу жүргізу.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тақырып: сабақтың бойлап және жуандап өсуі
- 1. Су мен минералды тұздар сабақтың қай қабатымен қозғалады?
- 2. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы қанша?
- 3. Органикалық заттар қабықтың қай қабаты арқылы қозғалады?
- 4. Неліктен крахмал крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды?
- 5. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді кейде жұлып тастайды. Неліктен?
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырып: сабақтың түрөзгерістері. Түрөзгеріс — өсімдіктің тіршілік ету жағдайына бейімделуіне байланысты сабақтың пішіні мен қызметінің өзгеруі.
Түрі өзгерген жер үсті сабақтар
- Сояу сабақ
- Шырынды сабақ
- Қаудан
Түрі өзгерген жер асты өркендер
- Тамырсабақ
- Түйнек
- Пиязшық
Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы
Төмендегі кесте негізгі белгілерді салыстыруға көмектеседі.
| Тамырсабақ | Тамыр |
|---|---|
| Ұшында бүршік болады. | Ұшында оймақша (қалпақша) болады. |
| Буын және буынаралықтан тұрады. | Буын және буынаралықтары болмайды. |
| Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті. | Жапырақ болмайды. |
| Қабыршақ жапырақ қолтығында бүршіктер орналасады. | Бүршіктері болмайды. |
| Бүршіктен дамиды. | Ұрық тамыршасынан дамиды. |
| Көбіне көпжылдық өсімдіктерде кездеседі. | Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады. |
Маңызды: тамырсабақ — жер асты өркен. Ол тамырға ұқсас болғанымен, буын-буынаралығы және бүршіктері арқылы өркенге тән белгілерді сақтайды.
Қорытындылау және бекіту
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Бүгін біз сабақтың түрөзгерістері тақырыбын қарастырдық. Сабақ түрөзгерістері жер үсті және жер асты болып бөлінетінін, ал олардың негізгі түрлері сояу, шырынды сабақ, тамырсабақ, түйнек және пиязшық екенін білдік.
V. Жаңа сабақты бекіту (сұрақтар)
- 1. Түрі өзгерген жер үсті сабақ — сояу — қандай өсімдіктерде кездеседі?
- 2. Сабақтың сояуға айналып, түрін өзгертуінің себебі неде?
- 3. Шырынды сабақ қандай өсімдіктерде кездеседі?
- 4. Түрі өзгерген жер асты өркендерді атаңдар.
- 5. Жапырақ шығармайтын жер асты өркен қалай аталады?
Бағалау және үй тапсырмасы
VI. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысында берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.
Бағалау өлшемдері: белсенділік, дәлдік, терминдерді дұрыс қолдану, салыстыру және қорытынды жасай білу.
VII. Үйге тапсырма
Түрі өзгерген жер үсті сабақтар туралы қысқаша сипаттама жазып келу: сояу сабақ және шырынды сабақ.
- Әр түрдің анықтамасын беріңдер.
- Қызметін (бейімделу мағынасын) түсіндіріңдер.
- Кемінде 2 мысал өсімдік атауын келтіріңдер.