Кәдірбайдың төбеті

Сабақ туралы мәлімет

Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Асқанбаева Қалжан. Сынып: 9.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Тақырып

Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері

«Кәдірбайдың төбеті» өлеңі

Көрнекілік

  • Жамбылдың суреті
  • Ақын өмірінен деректер
  • Шығармалар жинағы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың ақын туралы білімін тереңдету, сатиралық өлеңдерімен таныстыру.

Дамытушылық

Өлеңдер арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, шындықты ашық айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу; ұлтты сүюге, өнерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдістері

  • 1 Сұрақ-жауап
  • 2 Мәнерлеп оқу
  • 3 Мазмұнын талдау
  • 4 Өлеңге сатылай талдау
  • 5 Топтастыру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
  • Назарды сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырып бойынша білімді тексеру, қысқаша сұрақ-жауап арқылы ойды жинақтау.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: Ж. Жабаевтың сатиралық өлеңдері. Негізгі мәтін: «Кәдірбайдың төбеті». Жұмыс түрі: топтастыру.

«Кәдірбайдың төбеті»: сюжеттік-композициялық талдау

Бұл — сюжетке құрылған, композициялық құрылымы айқын өлең. Оқиға желісі төмендегідей дамиды:

Оқиғаның басталуы

Жамбылдың жолаушылап шығуы.

Байланысуы

Жамбыл мен жолаушының кездесуі.

Шиеленісуі

Жамбылдың Кәдірбайдың итін мақтап отырған жиынға баруы.

Шарықтау шегі

Кәдірбайдың мақтау айтқан ақындарға сыйлық әзірлеуі: 2 жорға, ет, қымыз, 100 тақта шай, 1 қатын.

Шешімі

Жамбылдың «иттік мінезді» бетке басып, шындықты тайсалмай жырлауы.

Өлеңге сатылай талдау

1) Авторы

Жамбыл Жабаев (1846). Туған жері: қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.

2) Тақырыбы

Кәдірбайдың өлген төбет иті туралы оқиға.

3) Жанр

Поэзия (өлең). Өлең — белгілі бір өлшемге құрылып, ырғақ пен ұйқасқа негізделген өрнекті сөз жүйесі. Бұл туынды — сатиралық өлең.

4) Идеясы

Мақтаншақ байдың итін пайда үшін асыра дәріптеп, сыйлыққа таласқан «ақынсымақтардың» әрекетін әшкерелеу.

5–9) Құрылымы мен ұйқасы

Шумақ
43 (төрт бөлімнен тұрады)
Тармақ
176
Бунақ саны
2
Буын саны
7–8 буын
Ұйқас түрі
Кезекті ұйқас (а, б, а, б)

Өлшем үлгісі

Аяқтары алдырып, (7)
Астымда атым болдырды. (8)
Айдалада қалдырып, (7)
Құба жонға қондырды. (7)

Ескерту: тармақ саны мен буын өлшемі үлгі ретінде берілді.

10) Әдеби-теориялық ұғымдар

  • Теңеу: төредей, оттай жалынды.
  • Эпитет: шынжыр балық, шұбар төс.
  • Метафора: «жорғаң — судың құндызы», «өз мінезің — қырмызы».

11) Сөздікпен жұмыс

Бәйіт
Баяндау, өлең жолы мағынасында қолданылады.
Қотан
Мал түлейтін орын; ашық қора.

12) Тәрбиелік мәні

Өлең мақтаншақтық сияқты жат мінезден сақтануға, адал әрі шыншыл болуға, өзгеге қиянат жасамай, адамгершілік ұстанымын биік қоюға тәрбиелейді.

Бекіту және қорытынды

Сабақты бекіту

Негізгі ұғымдарды қайталау: сатира табиғаты, композиция кезеңдері, идеялық мазмұн және тілдік тәсілдер.

Сабақты қорытындылау

«Жамбыл — ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны».
М. Әуезов

Үй тапсырмасы

  1. 1 Ж. Жабаевтың сатиралық өлеңдері бойынша қайталау.
  2. 2 «Кәдірбайдың төбеті» өлеңінен үзінді жаттау.