Ардагер ұстаздарым

Ардагер ұстазға тағзым

Қарттарым, аман-сау жүріңіздер! Би Шахризада. Өткізген шәкірттеріңізбен қыс-жазыңыз көп пе екен, бізге айтар мұң- назыңыз? Еңбегіңізбен бөленген нұр алғысқа — армысыздар, ардагер ұстаздар!

Жүргізуші 1

Өзіңіз болсаңыз жанында — ел іші жомарт, еңселі. Дән исі сіңген қаныңызда, даламның бір-бір бөлшегіндей қадірлісіз.

Жүргізуші 2

Дүниеге келер бір рет — дария кеуде, тау мүсін. Құрыштай шыңдалған құдірет, қарттарым, аман-саумысыз?

Ардагерлерге арналған құрмет сөзі

Ардагерлер — ардақты асыл жандар. Шәкіртімен мерейі тасығандар, білімнің сәулесі мол нұр көшінде шуақ болып, шапағат болып шашылғандар. Осы ізгі ниетпен кешімізді әсем әнмен ашамыз.

Өнер бағдарламасы

Ән

Аудандық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы Тұрсын Санжардың орындауында «Алтын ана» әнін қабыл алыңыздар.

Құттықтау сөз

Бүгінгі мерекелік кештің құттықтау сөзін мектебіміздің басшысы Исаев Қорғанбек Рамазанұлына береміз.

Қобыз

Халықаралық «Күншуақ» фестивалінің лауреаты Әбдікаримова Жалғасгүл Ерланқызын ортаға шақырамыз. Орындалатын шығармасы — «Илигай».

Ұстаздық пен шәкірттік — ең абзал байланыс

Ұстаздық пен шәкірттік — адам баласы арасындағы ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді қарым-қатынас. Шәкірт бойына қуат, жанына жігер сыйлау — біреуден ештеңе аянбай, өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ардагер ұстаздарымыздың асыл қасиеті. Бұл — кейінгі жас буын ұстаздары үшін айқын үлгі.

Аса құрметті ардагер ұстаздар, сіздер қандай да сый-құрметке лайық жандарсыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз — бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі. Қадірлі ұстаздар, қазіргі әсем билеріміз де сіздерге арналады.

Өлең жолдарымен өрілген алғыс

Жүргізуші 1

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

Жүргізуші 2

Ізгілікті он бойына жинаған,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның,
Ардақтысы болған елдің мұғалім.

Жүргізуші 1

Шәкірттердің тыңдап жазып сұрағын,
Жас санасына төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге —
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.

Ізгі тілек

Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қадам бастырған ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал әрі шыншыл азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен барша ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Алғыс Құрмет Өнеге Ұстаз аманаты