Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән / сынып
Қазақ әдебиеті, 6-сынып
Сабақ тақырыбы
«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер бейнесі
Жалпы мақсат
Жырдың ерекшелігін, тақырыбы мен идеясын таныту. Жыр тақырыбының ел бірлігін сақтау, тыныштықты қорғау, елді сыртқы жаудан қорғау және халық қамын ойлайтын батырды аңсау мүддесінен туындайтынын меңгерту.
Сілтемелер
- «Шың» кітабы
- 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Күтілетін нәтижелер
- Әдебиет теориясы бойынша негізгі ұғымдар қалыптасады.
- Сыни ойлау дағдылары дамиды.
- Төмен және жоғары деңгейлі сұрақтарды құрастырып, қоюға дағдыланады.
Оқыту әдістері
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: жұптық, топтық, жеке жұмыс, диалог.
- СТО (сын тұрғысынан ойлау).
- Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау: критерийлер бойынша бағалау.
Тапсырмалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
3 минут
Психологиялық тренинг
Әрбір адам? — Туыс, дос, жұрағат.
Әрбір сабақ? — Үйрету, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? — Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу
Оқушыларды топтарға бөлу және жұмыс ережелерін қысқаша еске салу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
7 минут
Тақырып
«Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Сұрақтар
- 1 «Алпамыс батыр» жырын батырлар жырына жатқызуға бола ма?
- 2 Алпамыс дүниеге қалай келді?
- 3 Сарыбай неге елден көшіп кетті?
- 4 Ұлтан кім? Оқулықтан Ұлтан бейнесін сипаттап бер.
- 5 Алпамыс Гүлбаршынды алып келгенде, Байбөрі оны қалай қарсы алды?
- 6 Алпамыс жеті жыл зынданда жатқанда, оған кім көмектесті?
- 7 Тайшық ханның іс-әрекетін сипатта.
- 8 Жырдағы «Құрсаулы қара бура» деп кім аталады? Алпамыстың ерліктері жырда қалай суреттеледі?
- 9 Кейқуат кім?
Негізгі мазмұн
Сабақтың өзегі — «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер бейнесін талдау. Талдау барысында жырдың тақырыбы мен идеясы, ел бірлігі мен тыныштық ұғымдары, сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырдың тұлғасы сияқты негізгі құндылықтар айқындалады.